66
23-сурет
4. Роман форумы – бұл қалқалы базар алаңы (өте нашар
сақталған);
5.
Нерв форумы;
6. Мир ғибадатханасы бар Мирдің өтетін форумы (70 ж.) жата-
ды.
Форумдарға империяның негізгі жолдары апарады, онда жеңіс
жорықтарынан кейін салтанатты шерулер өткізілді. Қолбасшылар-
дың құрметіне жолдарға және алаңға кіреберіс жерлерге салтанатты
аркалар қойылды.
Салтанатты аркалардың сәулеттік түрі ғимараттың салтанат-
ты есігінен – бетше босағалардан басталады. Римде салтанат-
ты аркалардың бірнеше түрлері жасалды –
бір аркалы аралықты
қарапайым көлемдегі қабырғадан (Тит аркасы (81 ж.)) сән-
салтанатты үш аралықтыға дейін (Римдегі Константин аркасы). Ар-
каларда басқа елдердің ұрланған сәулет ескерткіштерінің бөлшектері
пайдаланылды. Аркалар қолбасшылардың ескерткіштері болып та-
былады, жеңістің құрметіне тұрғызылып, форумның салтанатты
есігінің рөлін атқарды. Рим сәулетінде театрлар мен амфитеатрлар
құрылысы ерекше орын алды. Рим театрларының грек театрлары-
67
нан басты айырмашылығы Римде таулардың табиғи баурайы болған
жоқ. Амфитеатрлар жасанды түрде көтеріліп, қоршалды. Адамдар-
ды көшіру сақиналы фойе көмегімен жүзеге асырылды.
Марцелла театры (б.з.д. 11-14 ж.)
римдіктердің ең ірі театры
болып табылады. Бұл театрда алғаш рет дөңгелек емес, жарты
шеңберлі орхестра қолданылды. Ойын
алаңы ретінде Грекиядағы
сахнамаңдайша сияқты емес, артында әжетханасы мен қоймасы
бар, қосымша бөлме орналастырылған ұстынтізбекті сахна қалтасы
қолданылды.
Римдік ерекше имараттар сопақ амфитеатрлар болып табылады,
олардың ішіндегі ірісі Флавий театры, көбінесе, Колизей деп атала-
ды.
Достарыңызбен бөлісу: