Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова



Pdf көрінісі
бет59/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet

Римдік ордерлер жүйесі:
19-сурет
20-сурет
1. Тоскандық ордер – ең қарапайым жүйе. Өте көлемді 
бағаналарымен және ағаш сәнмаңдайшасымен ерекшеленеді. Егер 
тастан орнатылса, онда оның пішіні дорика сәнмаңдайшасының 
жеңілдетілген нұсқасы болар еді. 
2. Римдік-дорика ордері, гректердің дорика ордеріне қарағанда 
бағаналары үйлесімді және сәнмаңдайшасы аласа болып келген.
3. Римдік-ионика ордері – грек ордерлерінің пішіндері мен 
сәйкестігін мұра еткен. Рим халқының баюға деген беталысының 


61
дамуына байланысты ордер элементтері біршама күрделене түсті. 
Әсіресе ернеуді ұстап тұрған бөлік жоғары көтерілді.
4. Коринф ордері Грекияда кеңінен тарамағанымен, Римде, 
әсіресе Императорлық кезеңде басым ордерлердің біріне айналды. 
Ол үйлесімділігімен және сәнділігімен ерекшеленеді.
5. Композитті ордер – коринф ордерінің пішіндерін қай-
талайды, бірақ оның әсембағаны коринф және ионика ордері 
әсембағандарының белгілерін бойға сыйғызады.
Республика құрылған шақтағы қызу әскери жағдай қорғаныс 
және инженерлік имараттарды тұрғызуға мәжбүр етті. Рим 
қабырғаларын онан әрі бекіту жол төсемдерін, жерасты су 
құбырларын, канализациялық колекторларды және басқа инженерлік 
имараттарды салумен қатар жүргізілді. 
Римдіктердің этрустардан алған қабырға және арка конструк-
циялары Рим республикасы кезеңінде одан әрі дами түседі. Аркалар 
аралығы көбейеді. Ірі имараттар су құбырлары мен арна көпірлер 
болып табылады. Б.з.д. ІІ ғасырда тек Римде ғана 1350 қайнар көзді 
қамтамасыз етіп тұрған 9 үлкен су құбыры, 15 субұрқақ, қоғамдық 
және жеке меншік моншалар болған. Арна көпірлер бірнеше қатар 
етіп бірінің үстіне бірі тұрғызылған биік тас қақпабағана мен арка-
лар жүйесі болып саналады 
(20-сурет).
Олардың ішіндегі ең ірілері: 
• Римдегі Марция арна көпірі (б.з.д. 144 ж.) – бұл ұзындығы 10 
шақырым алғашқы аркалық арна көпір (Марций – мердігер, 
әдетте мердігер атына байланысты аталған). Аркаларда 
қорған тас қолданылған. Су құбырларының құбырлары 
күйдірілген балшықтан төртбұрышты қималы.
• Нимдегі арна көпір – 41 шақырым.
• Клавдия арна көпірі – 46,5 миль, олардың 36-сы – жерастын-
да, аралықтағы аркалар 5,5 м.
Рим республикасы кезеңінде биіктігі 49 м және 275 м арна 
көпірмен Град көпірі, ұзындығы 24,5 м Фабриция көпірі (б.з.д. 62 
ж.) тұрғызылып, тас Апий жолы төселеді.
Рим республикасының ғибадатхана құрылысында тұйық цел-
ламен және бас қасбет діңмаңдайшасы ерекшеленген архаикалық 
римдік 
ғибадатхананың 
жоспарланған 
қағидалары 
грек 
бағанамаңдайшасымен немесе айнала ұстынды жаймен бірікті.


62
Дөңгелек ғибадатханалар – толостар кеңінен тарады (коринф 
ордері қолданылған, қабырғасы – бетон және төбесі – конус тәрізді 
Тибурдағы ғибадатхана).
Көп халықты жинап сыйғызу қажеттігіне байланысты Римде 
ерте христиандық ғибадатханалар негізі атанған орасан зор бази-
лик салынады. Рим республикасы кезеңінде базилик ғимараттарын 
діни имараттар ретінде ғана пайдаланған жоқ. Олар сот ісін қарау, 
сондай-ақ сауда-саттық мақсатында пайдаланды. 
Рим республикасының мемориалдық имараттары орасан зор 
айырмашылығымен ерекшеленеді. Егер бұрын жерлеу рәсімдері 
қорған-тумулустарда өткізілсе, енді жерлеу камералары едәуір 
аза-йып, ескерткіштер көбейеді. Табыт өлген адамның мүсіні 
бейнеленген каноптарда сақталады. 
Римде Апий жолындағы Цецилия Метелла мазары (б.з.д. І 
ғасырдың соңы) жарлауықпен қапталған, бетоннан тұрғызылған 
мұнара болып табылады. Үстінде күмбез болған, бірақ кейіннен ма-
зарды бекініс мұнара ретінде пайдаланғанда күмбезді талап әкетіп, 
үстін қайта салған. Римдегі Цестия пирамидасы (б.з.д. 20 ж.) үшкір 
пирамида түрінде салынған. Орасан зор мемориалдық имараттардың 
бірі Римдегі Август кесенесі болып табылады (б.з.д. 28 ж.).
Тұрақ жай сәулеті едәуір өзгерістерге ұшырайды. Интерьерлерді 
безендіруде жасанды мәрмәр мен сылақ қолданылады. Қабырғалары 
суреттермен және таскестелермен әшекейленеді.
Әдемі үй-жайды жоспарлағанда рим-этрустардың түндікті аула-
сы мен гректердің бағанды ғимараты да қамтылды.
Үйдің ең қарапайым түрі домус (түндікті ауласы бар үй) вести-
бюль – кіреберіс тамбурдан, лавка-табернадан, хауызы бар түндікті 
аула айналасына топтастырылған тұрғын бөлмелерден, түкпіржай – 
бас салтанатты бөлмеден, шағын үй-жайға шығатын бақтан тұрады.
Рим ақсүйектері – нобилдер шағын бақтың орнына бағаналармен 
қоршалған ашық аулаға жалғастыра салынған тым күрделі үйлер 
– түндікті аулалы-бағанды ғимараттар салды 
(21-сурет).
Италия 
тауларының баурайына террасалы үйлер салынды 
(22-сурет).
Этрус үйлерінен түндікті аула, ал гректерден бағанды ғимарат пен 
көшеден оңашаланғандықты мұра етіп қабылдаған патрициялардың 
жеке меншік тұрғын үйлерінен басқа Рим республикасы кезеңінде 
жеті қабатқа дейін биік, пайдалы үйлер – инсулдар құрылысы баста-
лады.


63


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет