Сплиттегі Диоклетиан сарайы (305 ж.) Адриат теңізінің жағалауындағы Дальмацияда Диоклетиан
императорына арналған сарай тұрғызылды
(27-сурет). Бұл қамал-
сарай. Оның жайғастыру планының негізінде римдік әскери ла-
герь қағидасы жатыр. Сарайдың сыртқы қабырғалары мұнаралары
және қақпалары бар қамал қабырға болып табылады. Кешеннің екі
бөлігін гвардияға арналған және азық-түлік қоймасының корпуста-
ры алып жатты. Басқа екеуі іші дөңгелек және сырты сегіз қырлы
Диоклетианның төрт бағаналы ғибадатханасы және кесенесі бар са-
рай және діни корпусқа бөлінді.
27-сурет Теңізге шығатын көше діңмаңдайшалармен безендірілген,
кейіннен Италияда және басқа елдерде кеңінен пайдаланылған жаңа
енгізілім – бағана сәнмаңдайшасының орнына аркалар қолданылған.
Күмбезбен жабылған сарай вестибюлі алаңды салтанатты зал-
мен және теңізге шығатын галереямен байланыстырады. Сарай
сәулетінде шығыс сәулетшілігінің ықпалы байқалады – бұл өңдеудің
доғалдығы, пішіндердің ауыр салмақтығы.
Діни құрылыста ғимараттардың жаңа түрлері пайда болады:
орталық дөңгелекотаулар және базилик ғибадатханалар. Базилик –
христиан ғибадатханаларының бір түрі болып табылады.
Ғибадатханалардың міндетті жабдығы алтарь орналасқан ап-
сида болып саналады. Апсидалар жоспарлау элементі ретінде ерте-
де сарайларда кездесетін, онда император тағы орналастырылады.
72
Антикалық ғибадатхана апсидаларында құдайлардың мүсіндері
орнатылатын. Рим сәулетінің ірі базилигі және соңғы монументті
туындысы Максенция-Константина болып табылады.