Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова


Парфенон  (сәулетшілері Иктин және Калликрат



Pdf көрінісі
бет44/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet

Парфенон 
(сәулетшілері Иктин және Калликрат 
(б.з.д. 447-432 ж.))
Ғибадатхана құрамында темірі бар ақ мәрмәрдан тұрғызылған, 
сондықтан уақыт өте келе ол алтын түсті патиноға айналды. 
Ғибадатхана дорика ордерінің үлгісінде салынған, көлемі 30,89 х 
69,54 (қасбетіндегі бағана саны 8 х 17).
Ғибадатхананың шығыс бөлігінде піл сүйегі мен алтыннан 
апталып сомдалған 11 метрлік Афина мүсіні бой көтерген. Афи-
на қаласының қамқоршы-жебеушісі, әрі ақыл мен парасат құдайы, 
қыз бейнесінде, әйелге тән нәзіктікпен қоса терең ойлы, зерделі 
жауынгер, басшының кейпі жинақталып сомдалған. Афина қолына 
Ника мүсіні мен алтын қалқан ұстап тұр, аңыз желісі бойынша жас 
жауынгер бейнесінде Перикл, қасында қасқа бас қарт жауынгер – 
Фидий бейнеленген. Мүсіннің айналасындағы бағаналар П-тәрізді 
орнатылған, кейін монументті интерьер дамуында үлкен рөл атқарды.
Батыс бөлігінде қыздар қасиетті пеплос тоқып отырған және 
қалалардың теңіз одағының қазынасы сақталған ионика ордерінің 
бағаналы бөлмесі орналасқан.
Парфенонның аса қымбат мүсіні оған ерекше салтанаттылық 
беріп тұр. Ғибадатхана метоптары мифологиялық сюжеттерге толы 
болды: батысы – гректердің амазонкалармен шайқасы, оңтүстігі – 
гректердің кентаврлармен шайқасы, солтүстігі – Троя соғысынан 
көріністер, шығысы – құдайлар мен алыптардың айқасы.
Ұзындығы 160 м және биіктігі 1 метр 
әшекейбедер (мәнержолақ) 
гимнастикалық және музыкалық жарыстардан кейін Ұлы Панафин-
дер мерекесі күні афиндықтардың шеруін бейнелейді. Бедерлердегі 
қозғалыс ғимараттың оңтүстік-батыс бұрышынан басталып, екі 
ағыммен: оңтүстік жақпен шығысқа және батыс жақпен солтүстікке 
жүреді.
Шығыс жақ маңдайша қабырғада салтанатты отырған құдайлар 
(әдеттегі адамдардан жоғары) және оларға қарай бара жатқан 
қолдарында сый ұстаған адамдар мен тостаған ұстаған қыздар бей-
неленген. Батыс жақ маңдайша қабырғада Посейдон мен Афинаның 
дауы. Маңдайша қабырғадан сақталғаны 3 тағдыр құдайының 
бейнесі. Маңдайша қабырғалардағы мүсіндер қорғасынмен 
бекітілген, мүсіндер жоғары қарай ұлғайтылып, жақсы көріну үшін 
алға қарай шамалы иілген.


49


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет