Гигиенаға кіріспе, мақсаты, міндеті, даму тарихы Дәріс тезистері



Дата08.02.2022
өлшемі15,87 Kb.
#121271
Байланысты:
1тақырып.


Гигиенаға кіріспе, мақсаты, міндеті, даму тарихы
Дәріс тезистері: Гигиена термині ежелгі гректің hygienos-денсаулықты алып келетін деген сөзінен шыққан. Ежелгі грек мифологиясы бойынша емшілік құдайы Асклепийдің (Эскулап) қызы Гигейя аурудың алдын алу шараларын жүргізуге көмектескен. Ежелгі гректер оны денсаулық падишасы деп есептеп, медицинада аурудың алдын алуға бағытталған ғылым-гигиенада дамыған.
Медицина гигиеналық бағыттың кең дамуы Кеңес өкіметі тұсында жанданды.
Ресейдің алғашқы гигиенистері А.П. Доброславин мен Ф.Ф. Эрисман негізінен жалпы гигиена сұрақтары бойынша айналысса, ал Ф.Ф. Эрисманның шәкірті Г.В. Хлопин-Ресейде коммуналдық гигиенаның негізін салушылардың бірі. Ол су гигиенасы, су көздерін қорғау, тұрғын үй гигиенасына санитарлық – гигиеналық зерттеулер жүргізумен қатар “Гигиена және санитария” журналының редакторы, көптеген оқулықтардың авторы атанды.
1922жылы Одақтық Үкіметтің қаулысымен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет және мемлекеттік бақылау ұйымдастырылды. 1933жылы КСРО-ның барлық Республикасында Мемлекеттік санитарлық инспекция құрылды.
Медицина ғылымының басты мақсаты-адамдар денінің саулығы, ал оны қалыптастыру екі жолмен іске асырылады.

  1. Профилактикалық (аурудың алдын алу)

  2. Қайта қалпына келтіру (ауруды емдеу)

“Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде”-дейді халқымыз. Профилактикалық бағыттың тиімді екендігін ескерсек, гигиенаның жалпы медицинада алатын орнының қаншалықты зор екендігін көруге болады.
Гигиенаға ғылым ретінде берілген анықтама өте көп. XX ғасырдың басында өмір сүрген ұлы гигиенист Ф.Ф. Эрисман “Гигиена-эксперимент және статистика арқылы қоғам денсаулығын жақсартуға бағытталған ғылым” деп жазса, В.В. Дальдың 1898 жылғы түсіндірмелі сөздігінде “гигиена-денсаулықты нығайтуға, әртүрлі зиянды факторлардан сақтауға бағытталған білім деген анықтама берілген.”
Қазіргі кездегі түсінік бойынша “Гигиена-қоршаған орта факторларының адам ағзасына әсер ету заңдылықтарын ескере отырып, гигиеналық нормативтерді, санитарлық ережелер мен іс-шараларды тұжырымдайтын ғылым.”
Гигиенаның негізгі міндеттері:

  1. Табиғи және антропогендік факторларды зерттеу.

  2. Табиғи және антропогендік факторлардың адам ағзасына әсер ету

заңдылықтарын зерттеу.

  1. Денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған, ғылыми тұрғыда

негізделген гигиеналық нормативтерді, ережелер мен іс-шараларды тұжырымдау.

  1. Гигиеналық нормативтерді, ережелер мен іс-шараларды денсаулық

сақтау саласына енгізіп, оның эффективтілігін бағалау.

  1. Санитарлық жағдайларды алдын-ала болжау.

Химиялық заттарды нормалаудың принципі ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығын сақтау, яғни ол зат адамның жалпы өмір сүру барысында оның денсаулығына тікелей немесе жанама әсер етпеуі тиіс. ШРЕК-тің сақталуы адам денсаулығының толық қауіпсіздік кепілі болуы тиіс.
Физикалық факторлар үшін шектеулі рұқсат етілген деңгей белгіленеді (ШРЕД). Мысалы, шудың, дірілдің, күн радиациясының деңгейі.
Гигиеналық нормативтік құжаттарға санитарлық ережелер мен нормалар (Сан Пин), құрылыстық епежелер мен нормалар (СНиП), мемлекеттік жалпы кеңестік стандарттар (ГОСТ) жатады.
Егер гигиена ғылымы әр түрлі нормативтер мен ережелерді тұжырымдаса, оның тәжірибеге енгізілуі санитария жүктелген. (Санитария латынның Sanitas-денсаулық деген сөзінен шыққан.) Ұлы гигиенист Г.В. Хлопин: “Егер гигиена денсаулықты сақтауға және жақсартуға бағытталған ғылым болса, ал санитария оны тәжірибеге енгізетін ғылым” деп жазды. Жалпы санитария-санитарлық эпидемиологиялық қызмет жүзеге асыратын, гигиеналық нормалардың, ережелердің, іс-шаралардың сақталуын бақылайтын жүйе.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет