«Сүндеттеу» салт-дәстүрі



Дата03.10.2023
өлшемі3,02 Mb.
#183521
Байланысты:
«Сүндеттеу» салт-дәстүрі

«Сүндеттеу» салт-дәстүрі


Орындаған: Кемелбекқызы Б.

Ислам денінің жол – жосығы бойынша қазақтар ұл баланы бес жаста яки жеті жаста сүндетке отырғызады. Осыған байланысты той жасалады. Той қарсаңында сүндеттелетін баланы басына және екі иығына үкі тағып атқа мінгізіп, жақын туыстары мен жұрағаттарын аралатады.

  • Ислам денінің жол – жосығы бойынша қазақтар ұл баланы бес жаста яки жеті жаста сүндетке отырғызады. Осыған байланысты той жасалады. Той қарсаңында сүндеттелетін баланы басына және екі иығына үкі тағып атқа мінгізіп, жақын туыстары мен жұрағаттарын аралатады.

Медицина ғылымында "циркумцизия" (лат. Circumcisio – дөңгелете кесу) деп аталатын сүндеттендірудің ата-баба дәстүріне қай кезеңнен бері айналғанын нақтылы ен тағып бере алмай келеді. Әу баста ислам дінінде 3-5 жастағы ер баланың жыныс мүшесіндегі тері бөлшегін кесу арқылы жасаған ғұрыптың б.э.д. Мысырда кең қолданылғаны мәлім боп отыр.

Қазақта шілдеханадан соң ең атаулы той – сүндет тойы. Ес тоқтатата бастаған баланың өз өміріндегі ағайын-туыс ортасында өзіне деген ықыласты сезініп, құттықтаулар мен бата-тілекті қабылдайтын алғашқы тойы.

Барған жеріндегі туыстары шашу шашып құттықтайды. Балаға үкі қадайды, кепеш кигізеді, әл – ауқатына сай лақ, қозы, құлын сияқты жас төлдің бірін ен салып береді. Қазақ арасындағы бала сүннеттеу ісін осы кәсіппен шұғылданатын «қожалар» жүргізеді. Бұл қожаларды қазақ қауымы «Мұхаммед пайғамбардың әулеті» деп ардақтайды. Баланың сүндет тойын, халық іс жүзінде оның қара құлақ болып, қатарға қосылуының алғашқы бір белесін тойлау деп санаған.

  • Барған жеріндегі туыстары шашу шашып құттықтайды. Балаға үкі қадайды, кепеш кигізеді, әл – ауқатына сай лақ, қозы, құлын сияқты жас төлдің бірін ен салып береді. Қазақ арасындағы бала сүннеттеу ісін осы кәсіппен шұғылданатын «қожалар» жүргізеді. Бұл қожаларды қазақ қауымы «Мұхаммед пайғамбардың әулеті» деп ардақтайды. Баланың сүндет тойын, халық іс жүзінде оның қара құлақ болып, қатарға қосылуының алғашқы бір белесін тойлау деп санаған.

Сүндеттеу тәсілдері

Мыңдаған жылдардан бергі құрал саймандардың өзгергені секілді, сүндеттеу тәсілдері де уақыт талабына сай өзгеріп отырған. Сүндеттеу тәсілдерінің ең негізгілері мыналар:

  • Мыңдаған жылдардан бергі құрал саймандардың өзгергені секілді, сүндеттеу тәсілдері де уақыт талабына сай өзгеріп отырған. Сүндеттеу тәсілдерінің ең негізгілері мыналар:
  • 1. Еркін әдіс (ағылш. free hand): хирургтардың новокайн арқылы жансыздандырып, арнайы аспаппен сүндетке отырғызуы, тамырлардың тігілуі. Бұны классикалық әдіс деп те атауға болады.
  • 2. Дәстүрлі әдіс: дін мамандарының өткір ұстарамен кесіп, жараға таза күлді кесемен төңкеріп жасайтын әдіс. Бұл сүндеттеудің бұрыннан кең тараған түрі.
  • 3. Арнайы құрал пайдалану; сүндетке отырғызуға медицина мамандары араласқалы бері оған Gomco Clamp пен PlastiBell (қоңырау) секілді арнайы құралдар ойлап табылды.

Сүндет тойын ұйымдастыру

Сүндет тойын өткізетін сәтті күн алдын ала белгіленеді. Бұрындары сүндет тойға қонақтарды баланың өзі шақыратын болған. Бұл баланың өзіне деген сенімін арттырып, ер жетіп, жігіт болғанын сезіндіретін тағы бір психологиялық әдіс болса керек. Өз тойына шақырып келген балаға барған жерінде шашу шашқан. Атының жалына орамал, шүберек байлап, қоржынына тәтті салған. Сыйлығын беріп жіберген. Ол бала ауылына келгенде бізді де осы күнге жеткізсін деген ниетпен елдің салған шашуынан барлығы бөлісіп алады екен. Ал тойға келген туған-туыстар, жекжат-жұрағаттар балаға міндетті түрде сый алып келген. Тіпті, кейбір туыстары бала тойға шақырып барған кезде-ақ атаған малын жетектетіп жіберген.

  • Сүндет тойын өткізетін сәтті күн алдын ала белгіленеді. Бұрындары сүндет тойға қонақтарды баланың өзі шақыратын болған. Бұл баланың өзіне деген сенімін арттырып, ер жетіп, жігіт болғанын сезіндіретін тағы бір психологиялық әдіс болса керек. Өз тойына шақырып келген балаға барған жерінде шашу шашқан. Атының жалына орамал, шүберек байлап, қоржынына тәтті салған. Сыйлығын беріп жіберген. Ол бала ауылына келгенде бізді де осы күнге жеткізсін деген ниетпен елдің салған шашуынан барлығы бөлісіп алады екен. Ал тойға келген туған-туыстар, жекжат-жұрағаттар балаға міндетті түрде сый алып келген. Тіпті, кейбір туыстары бала тойға шақырып барған кезде-ақ атаған малын жетектетіп жіберген.

Сүндет тойында ауқатты адамдар ат шаптырып, көкпар тартқан. Қазіргі қала шарттарында сүндет тойды жағдайы бар адамдар жан- жақтағы жекжат-жақындардың басын қосып, мейрамханаларда атап өтеді. Тойдың ойын-сауық бағдарламасының басқа тойлардан айтарлықтай айырмашылығы жоқ. Қонақтарға жасалатын кәде-жоралғылар да әдеттегідей. Кей кездері тойды ертерек бастап, сүндеттелген баланың достарын, ағайын-туыстың балаларын да шақырады. Мұндайда ойын-сауыққа сиқыршы, клоун секілді балалар бағдарламасын да қосқанның артықтығы жоқ. Бала-шаға өзінше мәре сәре болып, сүндеттелген ұл құрбы-құрдастарымен ойнап, қызыққа кенеледі.

  • Сүндет тойында ауқатты адамдар ат шаптырып, көкпар тартқан. Қазіргі қала шарттарында сүндет тойды жағдайы бар адамдар жан- жақтағы жекжат-жақындардың басын қосып, мейрамханаларда атап өтеді. Тойдың ойын-сауық бағдарламасының басқа тойлардан айтарлықтай айырмашылығы жоқ. Қонақтарға жасалатын кәде-жоралғылар да әдеттегідей. Кей кездері тойды ертерек бастап, сүндеттелген баланың достарын, ағайын-туыстың балаларын да шақырады. Мұндайда ойын-сауыққа сиқыршы, клоун секілді балалар бағдарламасын да қосқанның артықтығы жоқ. Бала-шаға өзінше мәре сәре болып, сүндеттелген ұл құрбы-құрдастарымен ойнап, қызыққа кенеледі.

Назарларыңызға рахмет!!!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет