16
Ежелгі патшалық
Бұл кезеңдегі біріккен Мысыр астанасы Мемфис қаласы бо-
латын. Мемлекеттің орталықтандырылуының арқасында Мы-
сыр экономикасы нығаяды, ірі гидротехникалық жұмыстар бір
орталықтан басқарылып жүргізіледі, суарылатын жерлер ауданы
кеңейеді. Ежелгі патшалық кезеңінде тұрақ жайдың негізгі түрлері
қалыптасып, құрылыс техникасы дамиды, бұл пирамидалар салу
мен ескерткіштер орнатудың бастапқы кезеңі болатын.
Пирамидалар – мемлекеттің мәңгіліктігі мен беріктігінің
белгісі. Мумияның мәңгі сақталуы жерленген адамның мәңгі
өмір сүруін білдіреді. Ықшам пішінді мысырлық молалар өзінің
қарапайымдылығымен және маңыздылығымен таңғалдырады.
Өз дамуында олар қарапайым бейіттерден Ғизадағы классикалық
пирамидаларға дейін бірнеше кезеңнен өтті.
Достарыңызбен бөлісу: