Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова



Pdf көрінісі
бет8/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet

Қола дәуірі
Қола дәуірі патриархатқа көшумен сипатталады. Көсемге бас 
ию оның өлімінен кейін де жалғасады: тек әшекей мен мүліктен 
ғана емес, сонымен қатар аттар, құлдар, күңдер жерленетін ора-
сан зор «патша» қорғандары тұрғызылды. Оңтүстік Сібірде Аржан 
қорғанының диаметрі 120 метрге дейін жетеді. Бас орталық қабірден 
тарамдалып тұрған жерлеу камералары жуан бөренелерден салынған 
көтермелерден жасалған және 3-4 м. бут таспен көмілген. 
Сәулетте қола құралдарды пайдаланудың арқасында құрылыс 
мәдениеті дамиды. Құрылыс үшін ағашты өңдеу, тасты ою 
мүмкіндіктері пайда болады. Қамалдар мен ғибадатханалар, тұрақ 
жайлар едәуір жетіледі.
Көшпенді тайпаларда 
құрастырмалы-жималы
тұрақ жайдың 
әмбебап конструктивтік түрлері мен тұрақтарды жоспарлаудың 
орталықтандырылған
жүйесі пайда болады.
Егін шаруашылық аудандарында алғашқы 
мемлекет-
тер:
Үндістан, Мысыр, Қытай, Алдыңғы Азия аумақтарында 
құрылады. Бұл жерлерде жоспарлаудың айқын жүйелі жүйесі және 
ішкібекіністер
- жеке тұрған бекіністері бар алғашқы 
қалалар
пайда 
болады.
Кейінірек Еуропа, Африка және Орталық Азияда қола дәуірінің 
мәдениеті қалыптасады. Ағаш қадалы құрылыстар Швейцарияда 
сақталған.
Қола дәуіріне алғашқы 
мегалиттік имараттар
да жатады 
(грек. «мегас» – «үлкен», «литос» – «тас» деген мағынаны білдіреді). 
Бұл көп тонналы тас діңгектер алғашында тайпа аумағын белгілеген. 
Кейін олардың атқаратын қызмет саласы кеңи түсті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет