Ориньяк-Солютре
– б.з.д. 40-20 мыңжылдықтар;
Мадлен
- б.з.д. 20-10 мыңжылдықтар болып екі кезеңге бөлінеді.
Мәдениеттер атауы Батыс Еуропада (Францияда) ежелгі
адамның ең ірі және жақсы сақталған тұрақтарын тапқан жерлерге
байланысты берілген.
Ориньяк-Солютре кезеңі
Бұл уақытқа адамның өнерге қатысты ең алғашқы әрекеттері
жатады: үңгір қабырғаларында алғашқы қауым адамдарының
саусақтарымен жүргізілген ирек жолақтар пайда болды. Ал адамның
ең алғашқы «өнер туындысы»
сауса
қ
тарын ке
ң
жайып, оны бояу-
мен айналдыра ж
ү
ргізіп, ше
ң
бермен
қ
орша
ғ
ан
қ
олдарды
ң
та
ң
балары
, бұл қолдың кездейсоқ қозғалысы емес, саналы әрекеті
сияқты. Кейін жануарлардың, аң бетперделерін киген аңшылардың,
дөңгелек мүсіндердің алғашқы бейнелері пайда болды. Бұл кезеңнің
мәдениет ескерткіштері Испанияда табылды (Санта Изабель үңгірі).
Дөңгелек мүсіннің классикалық үлгісі матриархат өнерінің үлгісі
Виллендорфтық Венера мүсіні болып табылады. Ұқсас «Венера-
лар» Австрия, Чехославакия, Францияда табылды. Алғашқы қауым
мүсіншісі бет әлпетті ишарамен ғана бейнелеген, оның есесіне әйел
денесінің жекелеген мүшелері нақты, әрі шамадан тыс үлкейтіліп
көрсетілген. Соған қарағанда алғашқы қауым суретшілері әйел
денесінің сұлулығы мен сымбаты, нәзіктігі мен табиғилығынан гөрі
ұрпақты көбейтер қасиеті – әйелдің салмақты күшін, алар орнын
басымырақ көрсеткісі келген сияқты. Ориньяк мәдениетінің соңында
жануарларды бейнелеуде қаріп түсіру пайда болады (Испаниядағы
Кастильо үңгірінен шығып тұрған бұғының басы).
Алғашқы қауымдық өнердің кемеліне келген кезі Мадлен
мәдениетіне жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |