«Студенттердің өздік жұмысы» тарауында рефераттардың тақырыптары, сондай-ақ
өзін-өзі тексеруге арналған бақылау сұрақтары берілген.
«Студенттердің білімін бақылау» тарауында емтиханға да-
йындалу үшін тест тапсырмалары мен сұрақтары келтірілген.
Курсты оқу нәтижесінде алынған білім көлемі оқушыларға та-
рихи қалалар мен кенттер құрылысын, қазіргі сәулет мәселелерін
кәсіби тұрғыда жақсы білуіне мүмкіндік береді.
Оқу үдерісі барысында оқытушылар тақырыптық экскурсиялар
ұйымдастырып, дөңгелек үстелдер өткізеді.
«Дөңгелек үстелдер» тарауында оларды өткізу бойынша ұсыныстар беріліп, әңгіме
тақырыптары келтіріледі.
Терминдерге түсінік пен әдебиет анықтамалық материал болып
табылады.
Курсты оқу слайдтар, диафильмдер мен бейнефильмдер, фото-
материалдар мен графикалық кестелерді кеңінен пайдаланумен
суретті материалға негізделген.
Пәнді оқу нәтижесінде студент:
• тарихи сәулеттік мұраға қарым-қатынас қағидалары туралы;
• кәсіби қызмет үшін сәулет және өнер тарихына байланысты
ғимараттың рөлі туралы;
• отандық және әлемдік сәулет пен өнер тарихының негізгі
ескеткіштерін
білуі тиіс.