Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова



Pdf көрінісі
бет9/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet

Мегалиттік имараттардың түрлері
Менгирлер – 
тігінен орнатылған өңделген немесе өңделмеген 
тастар. Олардың биіктігі 20,5 м және салмағы 300 т-ға. барады. Бре-


13
тань өлкесінде (Франция) менгирлер айрықша көзге түседі. Мен-
гирлер Испания, Армения, Кавказ, Сібірде кездеседі. Менгирлердің 
бірнеше: 
а) есте қаларлық оқиғаларға, шайқастарға арналған;
ә) мола басына ескерткіш ретінде немесе атақты адамдарды еске 
алуға арналған;
б) бас ию немесе рәсім ету орны болған нұсқалары бар.
Менгирлер адамның тіршілік ететін жеріне байланысты: бұғы, 
балық пішініндегі тастар сияқты түрлі пішінде болған.
Дольмендер
– 
қатар қойылған екі тастың үсті үшінші таспен 
жабылып, біріне-бірі жалғасып келетін дәліз іспеттес. Олар да мен-
гирлер орнатылған жерлерде тараған. Негізінде тауларда, Солтүстік 
Кавказда кездеседі. Кейде дольмендер мазар ретінде, кейбіреулері 
уақытша тұрақ жай ретінде пайдаланылған. Ертеректегі дольмен-
дер тігінен орнатылып, үсті бір тақтамен жабылған, биіктігі – 1,5 м. 
шағын, кейінгілері едәуір үлкен болып келеді.
Кромлехтер
– шеңбер жасап, төбелері жабылған тас құрылыстар. 
Негізінде діни тәжім ету орны болып табылады. Театр немесе цирктің 
болашақ үлгісі болса керек. Кромлехтер астрономиялық обсерва-
тория ретінде пайдаланылды деген болжамдар бар. Әдетте, сопақ 
немесе шеңбер пішінді, жеке менгирлермен, кейде дольмендермен 
біріктіріліп орнатылады. Олардың кейбіреулерінің композициялық 
орталығы белгіленген.
Ең күрделісі және ірісі Англиядағы Стоунхендж кромлехі 
(1-су-
рет). 
1-сурет


14
Ол геометриялық пішінде, тастары жақсы өңделген және 
құрбандық шалатын орын – алтарь түріндегі айқын көрсетілген 
композициялық орталығы бар. Стоунхендж биіктігі 15 м-ге дейін 
және салмағы 40 т-ға дейін жететін 2813 тастан тұрады.
Темір дәуірі
Темір қолдану еңбектің техникалық мүмкіндіктерін артты-
рып, түрлі құрылыс материалдарын өңдеуге арналған аспаптар са-
нын өсірді. Металл егін шаруашылығында кесу құралдары үшін, 
кеме жасауда, тұрғын үй құрылысында (ағаш өңдеу үшін), көлікте 
(доңғалақ және күпшек пен жегу әбзелдерінің тоғындарын дайындау 
үшін), түрлі қолөнерде қолданылды.
ІХ-VІІ ғасырларда көшпенді тұрақ жайлардың алуан түрлі 
түрлері – құрастырмалы киіз үйлер, мата және былғары палаткалар 
пайда болды.
Ежелгі Грекия құрылысында металл алғаш рет қалау бөлшектері 
ретінде қолданылды.
Темір дәуіріне Еуропада, Азияда белгілі мәдениеттің қалыптаса 
бастауы тән. 
Әртүрлі мәдениеттер өзара байып, бір-біріне ықпал ете бастай-
ды, нәтижесінде құрылыс және сәулет тәсілдері пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет