Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова



Pdf көрінісі
бет4/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet

1-ТАРАУ
ДӘРІСТІК КУРС
КІРІСПЕ
«Сәулет те – әлем жылнамасы, ол құрып 
біткен халық туралы ләм демей, әндер 
мен аңыздар дәнеңе айтпаған кезде ғана 
сөйлейді».
Н.В.Гоголь
Сәулет
– тағайындалуына, қазіргі техникалық мүмкіндіктер мен 
қоғамның эстетикалық көзқарасына сәйкес имараттарды жобалау 
және салу өнері. 
Сәулеттің міндеті – құрылыс конструкциялары арқылы жүзеге 
асырылатын адам өмірі мен қызметі үшін кеңістіктік ортаны 
ұйымдастыру. Конструкция мен сәулет-көркемдік бейненің өзара 
байланысы – сәулеттің маңызды даму шарты. Үздік сәулет има-
раттарында осы уақыт кезеңіне арналған қазіргі функционалдық 
және көркем-идеялық талаптар үйлесім табуы тиіс. Ежелгі римдік 
инженер және сәулет өнерінің теоретигі Витрувий бүгінгі күнге 
дейін бүкіл сәулетші басшылыққа алып отырған: «беріктік, пайда 
және әдемілік» сияқты үш тағанды қалыптастырды. Барлық сәулет 
имараттарының сапаға тән: функционалдық (қолайлылық, пайда), 
конструктивтік (беріктік, саналы үнемділік), эстетикалық (әдемілік, 
идеялық мазмұнды көрсететін көркемдік бейне) сияқты үш тобы бо-
лады.
«Архитектор» сөзі «архитектон» деген ежелгі грек сөзінен 
шыққан, бас құрылысшы деген мағынаны білдіреді. Бұл сөзде 
сәулетшінің ежелгі уақыттан бастап бүгінгі күнге дейінгі айналысқан 
қызмет мазмұны өте дәл анықталған.
Сәулет адамзат қызметінің ежелгі түрлерінің біріне жата-
ды. Қарапайым баспаналар мен жабайы пұт тұрғызудан басталған 
құрылыс өнері біртіндеп дамып келе жатқан қоғамның түрлі 
қажеттіліктерін қанағаттандыратын тәжірибеге ие болды және өз 
кезегінде осы қоғам мәдениетіне эстетикалық ықпал көрсетті.


8
Сәулет тарихы
– бұл барлық кезең мен халықтардың сәулет 
өнерін және олардың өзара ықпалын зерттеу. Сәулет тарихын зерт-
теу эволюцияның бірнеше жүздеген жылдары ішінде, мамандықтың 
бастан кешкен елеулі өзгерістеріне қарамастан сақталған сәулет 
мамандығының мазмұнындағы ең бастысын түсінуге көмектеседі. 
Сәулет тарихын зерттеу ең зор сәулет ескерткіштерін мысалға ала 
отырып, сәулеттің негізгі композициялық, конструктивтік және әсем 
тәсілдерінің пайда болуы мен дамуын талдауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет