Сабақтың тақырыбы: Ағашты өңдеу және оның құрал-саймандары туралы түсінік Сабақтың мақсаты



Дата29.03.2017
өлшемі99,3 Kb.
#12569
түріСабақ
Баймуханбетов Бекболат Тасболатович

Астана қаласы №57 орта мектеп

Технология пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы:

Ағашты өңдеу және оның құрал-саймандары туралы түсінік

Сабақтың мақсаты:

а)Білімділік мақсаты:Ағашты өңдеу жұмыстарына қажет құрал-саймандарымен таныстыру,өңдеу әдістерін меңгерту.

ә)дамытушылық мақсаты:Оқушылардың теориялық танымдылық қабілетін арттыру, ой-өрісін дамытуға ықпал ету.

б)тәрбиелік мақсаты:шеберлікке,ұқыптылыққа,төзімділікке баулу.

Сабақтың көрнекілігі:Ағаш түрлері,сүргі түрлері,ара түрлері және басқа да еңбек құралдары.

Сабақтың түрі:Аралас сабақ(сарамандық және теориялық )

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгендеп,олардың арнайы киіміне көңіл беру,құрал-жабдықтарды, жұмыс орнын дайындау.



ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

Өткен тақырыпты оқушылардың қаншалықты меңгергенін тест арқылы тексеру, сұрақ арқылы жауап алу.


ІІІ.Жаңа сабақ.

Балалар,бүгінгі сабақта ағаш өңдеу және оның құрал-саймандары туралы танысамыз.Қол ара және сүргінің құрлысына,түрлеріне,атқаратын қызметіне тоқталып өтеміз.

Ағашты кесуге қажетті ең басты құрал-қол ара.Ара негізінен ағаш бөлшектерін екіге бөлу үшін қажет.Ара қалыңдығы әр түрлі болат жолақтардан жасалады,осы жолақты төсем деп атаймыз.Ара төсемінде,ара тістері орналасқан.Ара тістерінің арасы,ұшы алшақ болуы керек.Араның түсі алшақ болса,ара төсемі жеңіл қозғалыста болады.

Ара тістері екі түрлі қызмет атқарады:

1)Ол ағаштың талшығын кеседі.

2)Кескен кезде пайда болған ағаш ұнтағын сыртқа ысырып,шығарып отырады.

Ескерту.
1.Ағашты кескенде араны жұлқыламай,қатты салмақ салмай кесу керек.

2.Аралау кезінде үстел үстінде артық құралдар болмауы керек.

3.Сол қолыңды,ара төсеміне жақын ұстама.
Сүргілеу аспаптарының түрлері көп.Олардың ең көп тараған түрлері-сүргі,шерхебель және фурганок.

Шерхебель-пышағының жүзі доға тәріздес дөңес келеді және алғашқы, дөрекі өңдеу жұмысы жүргізіледі.

Сүргі-пышағы тегіс болады және сүргімен таза өңдеу жұмысы жүргізіледі.
Фурганок-жалпақ беттерді тазалап тегістеу үшін қажет.

Сүргілеу аспаптары негізінен ағаш немесе металл қалыптан,болат пластинадан- кескіш пышағынан және сынадан тұрады.



Ескерту

1.Сүргі кескішінің жүзін және бұйым бетінің тегістігін қолмен тексеруге болмайды.

2.Сүргіні жерге қойғанда,оны жантайлатып,кескішін өзіңнен кері бағытқа қарай жатқызып қою керек.

Жаңа сабақты бекіту

1.Ағаш өңдеу құралдарын ата?

2.Қол араның атқаратын қызметі?

3.Қол ара мен сүргімен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережесін ата?

4.Сүргі түрлерін ата?

5.Сүргі қандай бөліктерден тұрады?



Сарамандық жұмыстар

Сарамандық жұмыстың негізгі мақсаты:

Ағаш өңдеу құралдарымен,қол ара,сүргі тағы да басқа еңбек құралдарымен жұмыс істеудің сарамандық дағдыларын қалыптастырады.

Бұл сарамандық жұмыста аралау,сүргілеу жұмысымен қоса бөлшектерді біріктірудің әдіс-тәсілдерін үйренеді.



Тақтаға балға жасаудың технологиялық картаның графалары толтырылған үлгісі сызылып,ілініп тұрады.Оқушылар осы технологиялық карта бойынша берілген қолдарындағы дайындамадан екі бөлшектен тұратын ағаш балға жасайды.

Дайындама материалы:қайың

1)балғаның басы

2)балғаның сабы



Оқушыларды бағалау:Жасаған бұйымдарына қарап,тиісті нұсқау беру,жауаптарын ескере отырып бағалау.

Үйге тапсырма:Аралау,сүргілеу әдістері.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет