Сарай алаңындағы Бас штаб ғимараты (1819-1829 ж., 116-сурет) Қысқы сарайға қарама-қарсы Росси жолдың үстінен алаңға
салынған айбынды салтанатты аркамен қосылған имек үш қабатты
Сената және Синода корпустарынан тұратын орасан зор кешенді
орналастырды. Ғимаратқа салтанаттылық және әсем әдемілік
тән. Ғимараттың қолайлы пластикасы Қысқы сарайдың сәнді
жиһаздарына қарама-қарсы қойылған.
Астана орталығының орасан күрделі қайта құру жұмыстарын
жүргізгенде және Неваның екі жақ жағалауындағы монументті
құрылыстарды қосқанда әсіресе, Бас Адмиралтейство ғимаратын
жанасқан аумағымен қайта құрудың және Васильев аралындағы
стрелканы қалыптастырудың маңызы зор болды. Стрелканың басым
көлемі – Биржа ғимараты.