Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова


-сурет Адмиралтейство (1806-1823 ж.)



Pdf көрінісі
бет229/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet

117-сурет
Адмиралтейство (1806-1823 ж.)
Сәулетшісі Андреян Дмитриевич Захаров (1761-1811 ж.)
Петр Адмиралтействосының ескі корпустарын қайта құру 
нәтижесінде құрылған бұл ғимарат (ХVІІІ ғасырдың 30-жылдары И. 
К. Коробов салған) орыс және әлемдік сәулетшіліктің үлгісі және 


237
Көркемөнер академиясының тәрбиеленуші А. Д. Захаровтың үздік 
шығармасы болып табылады.
Ғимараттың ерекшелігі әкімшіліктік және практикалық сияқты 
екі функцияны қатарынан атқаратындығында. Кеме зауытының 
өндірістік үдерістерінің жаңа талаптары есебімен ескі ғимараттарды 
қайта сала отырып және онда әртүрлі мекемелерді орналастыра оты-
рып Захаров орталық қақпа үстіндегі мұнараны және корпустардың 
параллель жатқан екі қатары мен олардың арасынан өтетін, кейіннен 
көміліп қалған арналарды толығымен сақтап қалды. Жоспарда бұл 
П-тәрізді ғимараттың ұзындығы 407 м және бүйір жақ «қанаттары» 
163 метрден.
118-сурет
Композицияның көркемдік орталығы, сондай-ақ оны біріктіруші 
бөлім аркасы және алтын шатырұшы бар мұнара көлемі болды (73,5 
м) 
(118-сурет).
Дорикалық ордермен орындалған текше тәрізді көлем 
үстінен ионикалық ордермен орындалған жеңіл ұстынтізбекпен 
қоршалған екінші текше көтерілген.Ол апат, жыл мезгілдері бей-
неленген мүсіндермен аяқталған. Ғимараттың ұзын қасбетін Заха-
ров симметрияның дербес осьтерімен ірі бөліктер қатарына бөлді. 


238
Екі бүйір жақ осьтерде ортасында әрқайсысы кең 12 бағаналы 
діңмаңдайша және бүйір жағында 6 бағаналы діңмаңдайшасы бар 
дербес қасбеттер құрылған.
Неваға қараған ғимараттың бүйірлік бөліктері ұстынтізбек-
термен қоршалған, Адмиралтейство мұнарасының төменгі бөлігі-
нің композициясына жақын көлемді салтанатты аркалар түрінде 
берілген. Екінші қабат деңгейінде қарапйым жақтаулар мен теңіз 
құдайларының бет пердесі қолданылған. 
Мұның барлығы осы сияқты имараттармен ортақ ештеңесі жоқ 
данышпандық композиция қаланың үш басты даңғылы қосылатын 
кеңістікті ұйымдастырады.
Адмиралтейство ғимараты сәулетінде классицизм кезеңін 
аяқтайтын ампир стилінің ықпалы байқалады. Осы уақыттағы 
сәулеттік композицияның жаңа тәсілдері ұстынтізбек, арка, 
діңмаңдайшаларды еркін пайдалану және олардың тегіс немесе оңай 
қашалған қабырғаларының үлкен жазықтығымен қарсыластықта 
үйлесімі. Сәулеттің ерлік кескінін жасау мақсатында дорикалық ор-
дер пішіндері, ақ бедерлермен үйлесімде қасбеттердің ашық түске 
боялуы жиі қолданылады.
Жаңа салтанатты және ерлік тақырыбын көрсететін ғимараттың 
сәнді мүсіндік безендірілуінде жапсырма тәждер, медальондар, ту-
лар, әскери атрибутика орын алады. Мұның барлығы азаматтық, 
Ресейдің жалпы мемлекеттік табыстарының патриоттық пікірлер 
рухында құрылыстың ортақ стилін жасады.
Эклектиканың кейбір белгілері байқалатын, кейінгі классицизм 
стиліндегі Петербордың соңғы сәулет туындыларының бірі Исаа- 
киев соборы болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет