Кремльдегі Сенат ғимараты (1776-1787 ж.)
Жоспарда үшбұрышты, үш ішкі ауласы бар ғимарат
(121-су-
рет)
Кремльдің қалыптасқан құрылымына органикалық кіргізілді.
Басым композициясы қабықшасының айқын гиперболалық кескіні
бар, күмбезбен ерекшеленген конференция залы болып табыла-
ды. Күмбез барабан жабынының сәнмаңдайшасы, ені 5 м, биіктігі
2 м қалың арматураланған сақинада жатыр. Барабанда 24 терезе
бар. Ғимараттың негізгі көлемінің мұндай шешімі ежелгі римдік
дөңгелекотаудан келе жатыр. Күмбез жеңіл сияқты көрінеді. Ол
Қызыл алаңға бағытталған және Сенат мұнарасымен бірге осы
алаңның ансамбль орталығының бұдан әрі қалыптасуын алдын ала
болжады. Соборлар жақтан созылған қасбеттер Кремльдің көне
қабырғаларымен қиыстырылған.
Ғимарат интерьерлері кемеліне жеткен классицизм үлгісі болып
саналады.
121-сурет
Казаков ғимаратына тән белгілер – қасбеттердің жарасымдылығы
мен қарапайымдылығы, қабырғалардың тегіс, қитұрқылы өрнексіз
беті, ғимараттың бас корпусы айқын ерекшеленген композиция, сим-
метриялы орналасқан бүйір жақ қосалқы үйлер, үстіне маңдайша
қабырға тұрғызылған бағаналар. Бұл қағида Мәскеу университеті
мен Голицын ауруханасы ғимараттарының жобаларында сақталған.
Достарыңызбен бөлісу: |