Царицыно (1775-1785 ж.) 1775 жылы серуендеп жүрген Екатерина князь С. Д. Кантемирдің
Қара балшық имениесінің «тамаша көрінісіне» көңіл аударды.
Имениені сатып алып, Екатерина Царицыно деп атап, ол жерге
«мавритан-готика стилінде» өзінің Мәскеу түбіндегі резиденциясын
тұрғызуды шешті.
Шыққан тегі неміс Екатеринаға Баженовтің «Царицыно
көрінісінің» жалған готика стилі ұнады, ол көптеген тұстарына
түзетулер енгізді, баспалдақтар мен терезелердің енін азайтты,
барлық құрылыстар неміс құрылыстарындағыдай жабынқышпен
жабылуын қалады. Бірақ Баженов Батыс Еуропаның дәстүрлі
«классикалық» готикасын емес, қызыл кірпіш пен ақ-қант
бөлшектерінің үйлесімімен, мәскеулік арғы аталарға тән син-
хронды орыстың ортағасырлық сәулетін жасады. Ол барлығын
өзіндік шығармашылықпен атқарды және «готиканы» Екатерина
күтпегендей етіп орындап шықты. Сондықтан тапсырыс беруші
Баженовтың жасаған «орыс ертегісінің» қызыл-ақ әшекейін бұзып,
құрылыстан шығарылуын бұйырды.
Баженов жалпы ансамбльді ХҮІ-ХҮІІ ғасырдағы мәскеулік
сәулет стиліне тән етіп орындады, құрылыстың Царицыно тоғаны
мен Городенка өзені ландшафтымен үйлесіміне ерекше назар ауда-
рылды. Царицыно ансамблінен бізге дейін жеткендері Кіші (пішінді)
көпір, Сырласу (Кіші) сарайы, Опера үйі, Астықты үй мен галереялы
Астықты қақпалары.
1875 жылы Екатерина құрылысқа көңілі толмай, сарайды бұзуды
бұйырды. Патшайым Баженовтың бұрынғы серігі Матвей Казаковқа
жаңа сарай салуды тапсырды.
Казаков бұзылған сарай корпустарының орнына Екатеринаның
«мавритан-готикалық түпкі ойы» мен Баженовтың идеясын
243
үйлестіруге тырысып, өзінің Үлкен сарайын салады. Құрылыстың
аяқталуына кезекті орыс-түрік соғысы, кейін Екатеринаның өлімі
бөгет болды.