239
лов және Көркемөнер академиясы Комитетінің құрамындағы басқа
орыс сәулетшілер қатысты. Олардың ұсыныстарын ескере отырып,
Монферран алғашқы жобасын едәуір
жақсартты және жөкеден
құрастырмалы макет дайындады, кейін оның жобасы бекітілді.
Собор
(119-сурет)
«ақ» өңделген граниттен салынды. Оның 116
шығыңқы ірге бағаналары биіктігі 17 м, диаметрі 1,8 м және салмағы
100 т діңмаңдайшаның 48 бағанасы орындалды. Собор ғимараты 1
га
жуық аумақты алып жатыр, оның биіктігі – 101,52 м.
Собор қала құрылысы ансамбліндегі алаңда орналасқан
айқын көрсетілген мүсін мен орталықтандырылған
сипатқа ие
болды. Орасан қор көлем мен айқын мүсін қала құрылысында
ғимарат маңызына себепші болды. Дегенмен, бөлшектердің кейбір
құрғақтығы, ірі сәулет элементтері
қатарының артықтығы және
ғимараттардың кейбір бөліктерінің сәтсіз сәйкестемелік қатынасы,
сәулет шеберлігінің төмендеуі және стильдің құлдырай бастауын куа-
ландырады.
Собордың мүсіндерін безендіруді И. П. Витали, А. В. Лога-
новский орындады. Интерьерде К. П. Брюллов пен шәкірттері
орындаған таскесте мен кескіндеме қолданылды. Ғимараттың ішкі
жиһазы үшін түрлі түсті тастар ғажап гаммасы қолданылды.
119-сурет
240
Орыс, итальяндық және француздық түрлі түсті мәрмәр, мала-
хит және көк тас қолданылды. Бас иконостас бағаналары жұқа ма-
лахит табақтармен қапталды, иконостастың бес метрлік бағаналары
қара қоңыр көк таспен жабылды.
Күмбездің аражабыны (диаметрі 21,83 м) шойын мен болаттан
орындалды, бұл осы уақыттың техникасы
мен инженериясының
дамығандығының куәсі.
Достарыңызбен бөлісу: