Мәскеу классицизмі ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысында Ресей мәдениетінде ба-
тыс еуропалық классицизм қолайлы негіз табады. Дегенмен,
орыс классицизмінің сәулеті көбінесе орыс сәулетшілігінің өткен
кезеңдеріне тән сол немесе басқа дәрежеде меншікті классикалық
дәстүрлеріне негізделді. Ресей мәдениетінің ерекшеліктері мен
әдет-ғұрыппен үйлесімде ұлттық дәстүрлер орыстың сәулет
классицизмінің өзіндік даму белгілерін қамтамасыз етті. Мәскеу
мектебі классицизмінде ұлттық белгілер айқын көрінді.
Мәскеуде классицизмнің идеялары мен әдістерін тарату-
да көптеген орыс сәуулетшілері шыққан Д.В.Ухтомский мектебі
маңызды рөл атқарды. Орыс классицизмі сәулетінің қалыптасуы
В.И.Баженов, М.Ф.Казаков сияқты орыс сәулетшілерінің, класси-
цизм сәулетіне халық шығармашылығының нақтылы қарқынын
қосқан белгісіз орыстың крепостной сәулетшілерінің есімімен бай-
ланысты.
Қала құрылыстарымен қатар бұл кезеңде қала сыртындағы
құрылыс үлкен масштабқа жетеді. Әсіресе, бұған дворяндардың
міндетті мемлекеттік қызметтен босауы мүмкіндік туғызды.
Мәскеуде және басқа орыс қалалары мен ауылдарында сарай
құрылыстарының жаңа түрі – үй-жайлар қалыптасты.
Мәскеу мен провинциялық қалаларды жоспарлау мен салуда
Петербордың жобалануы мен салыну тәжірибесі пайдаланылды.
Жүйелі жоспарлау жер бедері мен тарихи қалыптасқан құрылыс
ерекшеліктерімен үйлесім тапты. Мәскеу жоспарында 1775 жылы
жаңа алаңдар, желекжолдар мен ірі қоғамдық ғимараттар көшелердің
тарамдалған-айналма жүйесі негізінде жобаланды.
Мәскеуде классицизмнің қалыптасу кезеңінде ірі қала
құрылысын жобалау ісіне Париж, Рим, Флоренция және Болон
241
академиясының мүшесі, жалынды патриот В. И. Баженов Мәскеудегі
Кремль сарайының жобасын ұсынды.