Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова


Орыс классикалық сәулетіне тән белгілер



Pdf көрінісі
бет242/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet

Орыс классикалық сәулетіне тән белгілер
• Композициясы симметриялы осьтік тұрғызылған салтанатты 
монументті қала құрылысы ансамбльдері.
• Ғимараттар мен имараттар жоспарларының классикалық 
айқындығы мен қарапайымдылығы.
• Имараттардың жүйелі құрылымдығы, ордерлік жүйені орын-
ды пайдалануы.
• Әшекейді қолданғанда көркемдік өлшем сезімдері.
• Құрылыс 
материалдары 
мен 
конструкцияларын 
пайдаланғанда үнемділік және орындылық.
1.10.7-тақырып. 1830-1917 жылдардағы 
Ресей сәулеті мен өнері
1861 жылы шаруалар реформасы және одан кейінгі болған 
өзгерістер Ресейде капитализмнің дамуын шапшаңдатты. Өнер-
кәсіптің өсуі ғимараттар мен имараттардың жаңа түрлерінің пай-
да болуына себеп болды. Зауыттар мен фабрикаларды салу үшін 
ғимараттың екі түрі: жоғарғы жарық күнтартарлары орнатылған бір 
қабатты көп аралықты ғимараттар және қарама-қарсы қасбеттерінде 
үлкен терезелері бар үш-төрт қабатты корпустар жиі қолданды.
Сауданың дамуы жабық базарлар, көп қабатты әмбебап дүкендер 
мен пассаж ғимараттарының салынуына әкелді (Мәскеудегі Голи-
цын галереясы, сәулетшісі М. Д. Быковский).
Өнеркәсіптік төңкеріс темір жолдар құрылысын талап етті. ХІХ 
ғасырдың екінші жартысында жолаушылар залы мен жабық перро-
ны бар үлкен қала вокзалының түрі қалыптасты.
Өнеркәсіптік қалаларды жылдам қоныстандыру жалға берілетін 
пәтерлері бар көп қабатты «пайдалы» үйлердің салынуына себеп 
болды.


251
Көптеген жағдайда құрылыс техникасы алдында аралық тіреусіз 
немесе аз қималы тіреумен үлкен аралықты бөлмелердің аражабын-
дары мәселесі тұрды. Көбінесе, жобалауда сәулетшілермен қатар 
инженерлер де жұмыс істеді. Шойын мен прокат болаттан металл 
конструкцияларды қолдану күмбезді және үлкен аралықты аража-
бындар жасауға, аспалы және аркалы көпірлер орнатуға, кірпіш 
бағандарды металл тіреулермен алмастыруға мүмкіндік берді.
1870 жылдың соңында Ресейде алғашқы темір бетон имараттар 
пайда болды (резервуарлар мен құбырлар). Ғасыр соңында Б. Г. Га-
леркин мен А. Ф. Лолейт ғимараттар аражабындарына темір бетон 
конструкцияларды пайдалана бастады. Біртіндеп олар металл кон-
струкцияларды ығыстыра бастады. 1910 жылы темір бетон қаңқалы 
ғимарат пайда болды.
Орыс сәулетінің технологиялық және конструктивтік жағы да-
мыды, сол кезде көркемдік жағы артта қалып қана қойған жоқ, со-
нымен қатар кері кетті. Жаңа құрылыс материалдарын қолдану және 
ғимараттың жаңа пайдакүнемдік тағайындалуы жоспар құруда да, 
қасбеттерді безендіруде де жаңа композициялық тәсілдерді талап 
етті. Мұның барлығы – классицизм қалдығы және орыс сәулетінің 
стильдік бағытының тұрақсыздығы. Ғимаратты сәулеттік безендіруде 
сәнділік, мерекелік ұлғайып, көп мүсін пайда болады. Сәулет өзінің 
дамушы дәстүрлерін жоғалтады.
Құрылыс шапшаңдығы қала құрылысында, қала ансамбльдерінің 
қалыптасуында және көлік жүйесін дайындауда негативті байқалды. 
1910 жылы ғана сәулетшілер қала құрылысын қайта өркендету ту-
ралы ойлана бастады, бірақ жобадан аса алмады. П. И. Балинский 
және Е. К. Кнорре бірінші кезекте үздіксіз шиыршық тәрізді сызық 
болып саналатын Мәскеу метрополитенінің жобасын ұсынды. Ол 
Театр алаңының астынан басталып, Бульвар айналмасы жолына 
дейін барып, жабық траншеямен (арнайы төсеммен жабылған га-
лерея түрінде) Воскресен алаңы арқылы Александр бағына дейін 
созылды. Әлеуметтік-саяси оқиғаларға байланысты метрополитен 
құрылысы екі онжылдыққа жылжытылды.
ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басындағы 
сәулеттің дамуын шартты түрде:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет