Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова


-тақырып. Кеңестік кезеңнің сәулеті мен өнері



Pdf көрінісі
бет250/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet

1.11-тақырып. Кеңестік кезеңнің сәулеті мен өнері
1914-1918 жылдары бірінші дүниежүзілік соғыс пен 1917 
жылғы буржазиялық ақпан төңкерісі қалыптасқан Ресей мемлекеттік 
жүйесін және экономикасын бүлдірді. Құрылыс толық тоқтап қалды.
1917 жылы Қазан төңкерісі орыс сәулетінің жаңа кеңестік даму 
кезеңінің бастамасы болды.
Алғашқы қадамнан Кеңестік үкімет қала құрылысын ретке 
келтіру шараларын қабылдайды. Үкімет декреттері жер мен жыл-
жымайтын мүлікке жеке меншікті тоқтату, жұмысшыларға арналған 
үйлерді, электр станциялар мен басқа өнеркәсіптік нысандарды 
жобалау мен салуды ұйымдастыру туралы заңдар қабылдады. 1918 
жылы Мәскеуде қаланың жаңа бас жоспарын әзірлеумен айналысқан 
А. Щусев пен И. Жолтовскийдің жетекшілігімен жобалау шеберха-
насы құрылады.
20-жылдары әлемдік сәулетшілікте ұқсастығы жоқ имараттардың 
жаңа түрлерін жасауға ұмтылыс сипатталды. Көптеген сәулетшілерді 
жеке тұрғын үйлер мен қоғамдық-тұрмыстық мекемелерді бір 
көлемді-кеңістіктік композицияға біріктіретін ғимараттардың жаңа 
түрлері – коммуна-үйлерді жасау идеясы шабыттандырды (
131-су-
рет
, сәулетшісі Н. Ладовский, 1919 ж.).
Еңбек сарайлары, «Халықтың қатынас ғибадатханалары» 
(
132-сурет
, сәулетшісі Н. Ладовский, 1919 ж.) және жұмысшы клуб-
тары сияқты қоғамдық ғимараттар дайындалды.
Алғашқы жоба қағаз жүзінде қалғанымен, олардың идеялық 
қағидалары кеңестік сәулеттің келешекте дамуына үлкен ықпал етті.
1918 жылы Мәскеу мен Петроградта төңкеріске қатысқан 
көрнекті қайраткерлерге ескерткіштер орнатылып, монументті наси-
хаттау жобасы қалыптасты. Оған суретшілер, мүсіншілер, ақындар, 
драматургтер, сәулетшілер қосылды. 1919 жылы В. Татлин ІІІ Ин-
тернационал ескерткішінің жобасын жасайды 
(133-сурет).
Онда 
орасан зор шиыршықты мұнараның ішінде жұмысшы бөлмелері бар 


261
төрт көлем бір-бірінің үстіне орналасқан. Коминтерннің заң шығару 
органдарының текше көлемі жылына бір айналма жылдамдықпен 
айналуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет