Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова



Pdf көрінісі
бет258/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet

140-сурет
141-сурет
Тыл және босатылған аумақтарда соғыс техникасын шығаратын 
жаңа зауыттар іске қосылды. Жаңа орындарда цехтар жылдам 
тұрғызылып, уақытша сипаттағы жаппай тұрғын үйлер салынды. 
Оған пайдалы және қарапайым ағаш конструкциялар, күйдірілген 
кірпіш және жергілікті құрылыс материалдары қолданылды. 


273
1.11.3-тақырып. 1945-1950 жылдардың басындағы 
қалпына келтіру кезеңінің кеңестік сәулеті
Ұлы Отан соғысы кезеңінде 1710 қала және кенті, 70 мыңнан 
астам село мен ауыл, 32 мың өнеркәсіптік кәсіпорын қирады. 
Еліміздің мақтанышы болған жүздеген жоғары оқу орындары, театр- 
лар, мұражайлар, сәулет ескерткіштері зиян шекті. Босатылған 
аумақтарда ірі қалпына келтіру жұмыстары соғыс аяқталарда кең 
өріс алды. Бірінші кезекте өнеркәсіп, аурухана және мектеп нысанда-
рын қалпына келтіруге күш жұмсалды. 1945 жылы Украинадағы ме-
таллургия зауыты, Сталинград трактор зауыты қалпына келтірілді. 
1946 жылы Днепрогэс және Харьков көлік зауыты қатарға қосылды. 
Алғашқы соғыстан кейінгі бес жылдық ішінде 6 мыңнан астам 
ірі кәсіпорын, ал 1951 жылдан 1955 жылға дейінгі кезеңде 3200 
өнеркәсіптік нысан, бірнеше қуатты электр станциялары, соның 
ішінде дүниежүзіндегі алғашқы атом станциясы іске қосылды. 1950 
жылдардың ортасында елдің халық шаруашылығын қалпына келтіру 
бойынша жұмыстар толығымен аяқталды.
1954 жылы Қазақстан даласында құрама-жиналмалы имараттар 
сериясы дайындалатын алғашқы тың жерді игеретін совхоздар пайда 
болды. Солтүстік қалалары өсті (Норильск, Воркут), елдің шығысы 
мен оңтүстік-шығысында құрылыс басталды (Сумгаит, Тбилисиге 
жақын Рустави, Сібірдегі Ангарск).
Соғыстан кейін қалаларды қалпына келтіру, салу және қайта 
құру жобалау-жоспарлау жұмыстарының орасан зор көлемінің 
негіздемесін, аудандарды жоспарлау сұлбалары мен жобаларын 
жасауды талап етті. Қала құрылысшылары қалалардың тарихи 
ерекшеліктерін жаңарта отырып құнттап ұстады. Көптеген қираған 
қалаларды қалпына келтіру жоспарларында орталықтарды кешенді 
шешу мүмкіндігі іске асырылды.
Минскідегі 80 % қираған құрылысты қалпына келтіру барысында 
сәулетшілер (В. Король, М. Парусников, М. Барщ және т.б.) соғысқа 
дейінгі төзімді сәулетті жаңа орталықтың көрнекті құрылыстарымен 
табысты байланыстырды. 
Сталинградты қалпына келтіруге үлкен көңіл бөлінді. К. 
Алабян және В. Симбирцевтердің жетекшілігімен батыр-қала 
орталығы ерекше идеологиялық мәнге ие болды. Құрбан болған 
жауынгерлер алаңының орталық ансамблі және Батырлар аллея-
сы, Волга жағалауындағы экспонаттар мен баспалдақтар, көрнекті 


274
құрылыстар салу – осының барлығы қала көлемін кеңейтті 
(142-су-
рет).
Киев, Ташкент, Рига және басқа республика астаналарының 
орталықтарына қайта құру жұмыстары жүргізілді. 
Соғыстан кейінгі және кейінгі кезеңде кеңестік сәулетте 
жұлдызша орнатылған төбешіктерден бастап Берлиндегі Трептов-
саябағындағы (сәулетшісі Я. Белопольский, мүсіншісі Е. Вуче-
тич, 
143-сурет
) салтанатты мемориалдарға дейін өткен соғыс 
ескерткіштері мен мемориалдары ерекше орын алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет