267
сәулеттік композицияны құрылымдау идеясынан тұратын структу-
рализм ағымы. Бұл кезеңдегі структурализмнің ең айқын туындысы
Харьковтегі Госпром ғимараты (сәулетшісі С. Серафимова, М. Фель-
гер, С. Кравец, 1926-1928 ж.)
(136-сурет).
1930 жылдың басында кеңестік сәулеттің стильдік бағыттылығы
үнемі өзгеріп отырды. Бірегей ірі қоғамдық имараттарды тұрғызуда
функционализмнің дерлік жарамдылығы айқын көрінді. Үкімет
топтары сәулеттен социализм жеңісінің бейнеленуін талап етті.
Функционализмнің дамуы 1932 жылы ЦК ВКП(б) «Әдеби-көркем-
өнер ұйымдарды қайта құру туралы» Қаулысымен тоқтатылды. Ол
сәулетшілерді жобалауда тарихи мұраларды қолдануға бағыттады.
Осы кезең неоклассицизмінің айрықша белгілері оларды көбірек
монументтендіру мақсатында сәулеттік пішіндерді жеңілдету бол-
ды, композициялар ірі бөліктерге айналды.
Осы кезеңнің кеңестік және әлемдік сәулетінде В. И. Лениннің
кесенесі ерекше орын алады (1929-1930 ж.,
137-сурет
). А. Щусевтің
данышпандық туындысы кесене сәулеті көркемдік бейнені шешуде
классикалық «әдемілік заңдарын» жаңаша қолданумен құрылды.
Ғимарат-ескерткіш ретінде тұрғызылған Кесене басым жағдайдың,
тамаша сәйкестемелік қатынастың және айқын бейненің арқасында
Қызыл алаң ансамблінің сәулет-композициялық орталығына айнал-
ды.
Достарыңызбен бөлісу: