265
«ұтымды» сәулетті жасау мақсатында сәулет пен өнер синтезінің
идеясын ұсынған, «эмоционалды-эстетикалық сапа мен қасиеттерді»
меңгерген Н. Ладовский, В. Кринский, К.
Мельников және басқа
сәулетшілердің бірігуімен жаңа сәулетшілер қауымдастығы (АСНО-
ВА) пайда болады.
1925 жылы өздерін конструктивистер деп атаған және дамушы
өндірістік-тұрмыстық үдерістер, жаппай құрылысты түрлендіру
және стандарттау негізінде «функционалдық әдіс» жолымен
қоршаған ортаны өзгертуді өздеріне мақсат етіп алған ағайынды
Весниндер, М. Гинзбург, И. Николаев
және басқалардың Қазіргі
сәулетшілер бірлестігін (ОСА) пайда болады. ОСА және АСНОВА
арасында үнемі өткір қақтығыс болып тұрды. «Жаңа сәулеттің» бұл
ұйымдарын біріктіретін ортақ белгі – эклектикаға қарсы күрес пен
классиканы жоққа шығару болды.
1928 жылы жаңа сәулеттік бірлестік ұйымдастырылды.
АСНОВА-дан сәулеттің бірінші дәрежелі міндеті қала құрылысы
проблемаларын шешу деп білген Н.Ладовскийдің жетекшілігімен
Төңкеріс урбанистерінің қауымдастығы бөлініп шықты.
Пролетар
Сәулетшілердің
Бүкілресейлік
Қоғамының
шығармашылық тобы (ВОПРА) 1929 жылы пайда болды. Өздерінің
шығармашылық әдістерінің негізі ретінде вопралықтар (К. Алабян,
А. Мордвинов, В. Бабенков және басқалар) «сәулетті
әлеуметтік-
экономикалық, эмоционалдық, идеологиялық және конструктивтік-
техникалық сияқты барлық элементтермен өзара байланыста жан-
жақты қамтуды» жариялады. Олар сәулетті өнер ретінде қорғады және
көркемдік ұйымдастыру кеңістігін жасауда оның басымдылығына
сендірді. Ғылым мен техниканың барлық жетістіктерін пайдалану-
мен қатар өткеннің сәулеттік тәжірибесін, соның ішінде классиканы
меңгеруге шақырды.
20-жылдардың соңында алдыңғы қатарлы сәулетшілер (В.
Веснин, М. Гинзбург, И. Леонидов)
шығармашылық ұйымдардың
оғаштығы кертартпа топтардың тұйықтығына апаратындығын
түсінді. Мәскеудің сәулеттік топтары мен ұйымдарының
белсенділерін жинаумен 1932 жылы жеке қоғамдарды жою және
елдердің үздік сәулетшілерінің озық шығармашылық идеяларының
генераторы болған Кеңестік сәулетшілер одағын құру туралы қаулы
шығарылды.
266
1920 жылы жеткеші сәулет шеберлерінің
басым көпшілігі
практикалық қызметпен қатар жаңа сәулет кадрларын дайында-
ды. ВХУТЕМАС-та Б. Ладовский, И. Голосов, К. Мельниковтар
сәулетшілер мен дизайнерлер үшін рационализмді декларацияла-
ды. Ағайынды Весниндер Бауман
атындағы жоғары техникалық
училищесінде конструктивизм идеясын насихаттай отырып,
инженер-сәулетшілерді дайындады. 1933 жылы сәулет ғылымын да-
мыту және жоғары білікті сәулетші кадрлар дайындау үшін әлемдік
сәулетшілік тәжірибесі мен қазіргі құрылыс практикасының озық
жетістіктерін біріктірген КСРО сәулет академиясы құрылды.
Достарыңызбен бөлісу: