Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова



Pdf көрінісі
бет249/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet

Рябушин жекежайы (1900-1902 ж.)
Ғимаратқа жазық темірбетон ернеулі текше тәрізді көлемнің 
математикалық айқындығы тән 
(130-сурет).
Ғимараттың 
қасбеттерінде көркемдік пішіндер жоқ. Дегенмен бір көргеннен 
таңғалдыратын қарапайымдылық соншалықты оңай емес. Әр 


259
геометриялық пішінді қарсы қойып салыстыруға болады. Ірі, 
көлемді қанатнаршалар оның жанында салмақсыз болып көрінетін 
жекежайдың қорабын кері ығыстыратын секілді.
129-сурет
130-сурет
Кеңістікті асқан шеберлікпен пайдалана білу Шехтель-
ге тамаша мәрмәр баспалдақ-толқындарын шиыршық тәрізді 
бұраманың айналасына орналастырып, Рябушинск жекежайында 
бөлмені шиыршық бойынша ұйымдастыру қағидасын іске асыруға 
мүмкіндік берді. Толқын мотиві есіктің бетше босағасы мен тере-
зе жақтауларының жиексызбаларында, холлдың түрлі түсті әшекей 
әйнегінің жақтауларында басқа өңдеу элементтері де қайталанады. 
Жекежайдың салтанатты баспалдақтарының жасанды сұр мәрмәр 
жиекқабырғаларының тұрақсыз пішіндері қатып қалған лава 
тоқындарымен қатар жабайы аң денесін де еске түсіреді. Әшекей 
әйнектер, керегеторлар, бейнелеу өнерін кеңінен пайдалану – 
барлығы интерьерді қарапайымдылықтан айыруға бағытталған.
Шехтель Рябушин банкі, мәскеулік Көпестік қоғам үйлері, «Утро 
России» газетінің типографиясы, Самар губерниясы Балаковадағы 
шіркеу, Химкидегі Патрикеевтің қала сыртындағы үйлері, Петр 
саябағындағы И. В. Морозовтың саяжайлары, Рязань губерниясы 
Кирицадағы Фон Дервиздің қала сыртындағы үйлері жобаларын 
жасады. Оның жобасы бойынша МХАТА ғимаратын қайта құру 
жұмыстары жүргізілді, соның арқасында «мхаталық» интерьерлер 
пайда болды. Шехтель жұмыстарында кейінгі сәулетте даму алған 
сәулеттік белгілерді көруге болады.
Модерн еш жерде мемлекеттік стиль бола алмады: ол рес-
ми ғимараттар үшін өте «еркін» болды. Модерннен кейін орыс 


260
сәулетшілігі батыспен салыстырғанда сәулет рационализациясының 
жолын қуған жоқ. Көптеген сәулетшілер орыс классикалық 
сәулетшілігінің дәстүрлеріне қайта Уралды.
Перронның жұқа металл аражабынын дайындаған, 1918 жылы 
И. И. Рерберг пен инженер В. Г. Шухов салған Киев вокзалының 
ғимараты қолайлы классикалық үлгіде орындалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет