128-сурет
Ғасырлар аралығында «ретроспективизм» сияқты эклектиканың
бір түрі жасалады. Оның жолын қуушылар классицизмді
жалғастырушы И. А. Фомин, А. И. Таманян, И. В. Жолтовский, В.
А. Щуко болып табылады. Олар ХҮІІІ ғ.-ХІХ ғасырдың басындағы
орыс классикалық сәулетінен көркемдік бейненің үйлесімін,
толықтығын және айқындығын бағалаған итальяндық Қайта өрлеу
сәулетіне қарай аяқ басты.
257
Петербордағы Марковтың пайдалы үйлері
(128-сурет)
және Ту-
рин мен Римдегі көрме павильондарының авторы В. А. Щуконың
(1878-1939 ж.) туындылары құнды.
Эклектика дамуының соңғы кезеңі провинцияда даму алған
«ұтымды» сәулет немесе «кірпіш» стилін бетке ұстады.
Эклектиканың терең қайшылығы сәулетшілер ескі, жойылғанды
сол ескінің тәсілдерімен жоққа шығаратындығында. Бұл ғасыр
соңында жаңа стильдің пайда болуына әкелді.
Модерн
Модерн стилі өткеннің сәулеттік мұрасынан эклектикалық алып
пайдаланудағы реакция ретінде пайда болды.
Модерннің алғашқы белгілері 1870 жылы пайда болғанымен,
ол өз тарихын шамамен, 1890 жылдан бастап есептейді. Модерн өте
динамикалық, онда бір уақытта көптеген стильдер ұтымды үйлеседі,
сондықтан ол замандастарының ерекше қызығушылығын тудырды.
Модернге алуан түрлілік және пішіндердің құбылуы, көп түстілік,
үйлесім тән. Бұл стиль бізге Бельгиядан келді. Ресейде, Батыстағы
сияқты модерннің: рационалистік және сәндік сияқты екі бағыты
байқалды
.
Рационалистік бағыт Батыста өте қажет болып көрінді. Ресейде
алғашқы кезде ХІХ ғасырдың соңындағы практикалық рухпен және
құрылыстағы ғылыми-техникалық прогреспен тікелей байланысты
болғанымен тиісті көрініс таппады.
Сәндік бағыттың жолын қуушылар модернде көбінесе тек
қасбеттер мен интерьерлер жиһазының жаңа тәсілдерін ғана
көрді. Олар ғимараттардың жаңа түрлері немесе құрылыс мате-
риалдары мен конструкцияларының жаңа түрлеріне жауап беретін
композицияның жаңа тәсілдерін жасауды емес, интерьерлер мен
сәулеттік бөлшектерді безендірудің жаңа тәсілдерін ойлап табуды
басты міндет етіп қойды.
Біраз орыс модернистері бейнені жаңа конструктивтік шешіммен
үйлестіре және сәулеттің адамшылық, оптимизм, бейнелілік пен
күш сияқты модерн стилі бере алатын сәулеттік туындылар жасады.
Орыс модернінің ең көрнекті өкілдерінің бірі сәулеттегі ұлы
өзгерісті жасаушы – Феодор Осипович Шехтель болды.
258
Достарыңызбен бөлісу: |