Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова



Pdf көрінісі
бет244/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet

125-сурет


253
Екінші бағыт ХҮІІ ғасырдың ортасындағы салтанатты мәскеулік 
сәулетшілікке еліктеу негізінде құрылды, бірақ құрғақ, қитұрқылы 
сәулетті жасады. Оған Мәскеу қалалық думасы (1890-1892 ж.), 
бұрынғы В. И. Ленин мұражайы (сәулетшісі Д. Чичагов), Мәскеудегі 
тарихи мұражай ғимараты (1873-1883 ж.), В. Шервуд, А. Семенов) 
жатады. Бұл ғимараттар сәулетінің қасбеттері симметриялы күрделі 
композицияда, сәулеттік бөліктерге бөлуде ХҮІІ ғасыр әшекейінің 
мотивтері механикалық түрде енгізілген.
Ежелгі орыс романтизмі рухында тұрғызылған ірі ғимараттар 
– Мәскеудегі Казань вокзалы 
(126-сурет)
, (сәулетшісі А. В. Щусев, 
1914-1917 ж.) Бұл имаратта А. В. Щусев қазіргі ғимаратқа ХҮІІ 
ғасырдың соңындағы орыс сәулетінің көркем пішіндерін беруге 
әрекет жасады. 
126-сурет
Жоғары үкімет топтарында стильдік бытыраңқылықты күшейте 
түскен «орыс-византиялық» стиль сәулеті ресми түрде мойындалды. 
Соның ішінде ХІХ ғасырдың соңғы отыз жылында сәулеттік шешім 
сол уақыттың композиция тәсілдерін ежелгі орыс және византиялық 
сәулет бөлшектерімен механикалық қосуға тұрғызылған ірі қоғамдық 
ғимараттар қатары құрылды. Мысалы, Жоғарғы сауда ғимаратының 
қасбетінде боямаланған византиялық пішіндер қолданылды (1889-
1898 ж., сәулетшісі А. Померанцев). 
Бұл стильдің негізін қалаушы Константин Анатольевич Тон 
(1794-1881 ж.) болып табылады, оның жобасы бойынша Мәскеуде 
Құтқарушы Христос ғибадатханасы салынды.


254


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет