255
берілді. 1839 жылдың 10 қыркүйегінде орыс-византиялық стильдегі
орасан зор ғибадатхананың жаңа іргесінің қалануы аяқталды.
Құтқарушы Христос үшін жаңа ғибадатхана сәулетінің жалпы
сипаты ежелгі орыс шіркеулерін еске түсіреді, бірақ ауыр салмақты
византиялық стиль пішін әдемілігі
мен оңайлығы талап етілген
тұстарда біршама өзгертілген. Ғибадатхана төртбұрышты, төрт жағы
шығыңқы және ұштары бірдей төрттаған құрайды. Қасбеттері төрт
жақтан да бірдей. Ғибадатхана ғимаратының Русь үшін дәстүрлі
бүкіл құрылысқа тұтастық пен толықтық беретін орталық күмбезі
басым бес күмбезді жүйесі бар. Күмбез барабаны сегіз қырлы негізде
жатыр және жарық ойықтары бар арктур белдігімен безендірілген.
Күмбез астындағы кеңістік бас күмбездегі 16 тереземен және
маңдайшалық кеңістік астында 36 тереземен жарықтандырылады.
Ішінде ғимаратты 4 зор баған ұстап тұр. Бұл бағандар мен шығыңқы
жерлердің орналасуынан қос қабырғалар құралған, ал олардың ара-
сында ежелгі христиан шіркеулерінің салты бойынша ғибадатхананы
айнала дәліз, дәліз үстінде маңдайшалық кеңістік орналасқан.
Ғибадатхана қасбеттері А. Логановский, Н. Рамазанов, П. Клодт
орындаған мәрмәр қалың бедердің қос қатарымен безендірілген.
12 кіреберіс есік қоладан жасалған және оларды безендіріп тұрған
әулиелердің кескіндері атақты мүсінші граф Толстойдың үлгілері
бойынша құйып жасалған. Бүкіл ішкі қаптама лабродор және порфир
сияқты орыс тастарының екі сортынан және түрлі түсті итальяндық
мәрмәрдің бес сортынан орындалған. Интерьерлерге В. Верещагин,
В. Суриков, И. Крамской және басқа Ресейдің 30 үздік суретшілері
сурет салған.
Құтқарушы Христос ғибадатханасы 40
жыл бойы салын-
ды. Құдайды көтеру мерекесінде 1883 жылдың 26 мамырында
ғибадатхананың салтанатты ашылуы болды.
Құтқарушы Христос
ғибадатханасы өмірінің бірінші кезеңі аяқталды. 1918 жылдың 2
ақпанында РСФСР Халық Комиссарлар Кеңесі шіркеудің мемлекет
пен мектептен бөлу туралы декрет шығарды. Ғибадатхана орнына
Кеңестер Сарайын салу ұйғарылды. 1931 жылдың 5 желтоқсанында
45 минуттың ішінде Құтқарушы Христос Ғибадатханасы қиратылды.
Кеңестер Сарайы салынған жоқ. Оның орнына 1960 жылы
сәулетшілер Д. Чечулин, В. Лукьянов және Н. Молоковтар «Мәскеу»
ашық бассейнін салды.
256
Бүгінгі күні Ресейдің бас ғибадатханасы – Құтқарушы Христос
Ғибадатханасы қайта қалпына келтірілді.
К. А. Тонның жобасы бойынша 1848-1850 жылдары сәулеті
самодержавиенің идеялық бастамасын
бекітуге шақырылған
Үлкен Кремль сарайы салынды. Осы ғимаратпен Мәскеу Кремлі
қалыптасуының кезекті кезеңі аяқталады. Үлкен
Кремль сарайы
өз композициясының тұтастығының арқасында Кремль ансамлінде
лайықты орын алады.
Третьяков галереясы жобасында (1906 ж.) ежелгі орыс сәулет
өнерінің тамаша мотивтерін жасаған В. М. Васнецов «романтизмі»
ерекше.
Достарыңызбен бөлісу: