Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова


-сурет 268 1.11.2-тақырып. Соғысқа дейінгі кезеңдегі



Pdf көрінісі
бет255/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet

137-сурет


268
1.11.2-тақырып. Соғысқа дейінгі кезеңдегі 
КСРО сәулеті мен өнері (1933-1941 ж.)
1932 жылы халық шаруашылығының алғашқы бесжылдық даму 
жоспары уақытынан бұрын аяқталды. Осы уақыт ішінде 1,5 мыңнан 
астам кәсіпорын салынды.
Сталинград, Челябинск және Харьков трактор зауыттары, Кра-
маторск және Урал машинақұрылыс зауыттары, Магнитогор ме-
таллургия комбинаты және т.б. сияқты индустрия алыптарының 
құрылысын талап ететін жаңа өнеркәсіп салалары құрылды. 
Құрылыс индустриясы шапшаң дамыды. Өнеркәсіптік құрылыста 
қаңқалы көтергіш конструкцияларға арналған құрама темірбетон 
конструкциялары қолданыла бастайды.
Ірі өнеркәсіптік кешендерді тұрғызу нәтижесінде жұмысшы-
ларға арналған жаңа ауылдар, қалалар мен тұрғын аудандар салын-
ды. 1926 жылдан бастап 1939 жылға дейін 200 жаңа қала пайда бол-
ды. 30-жылдары сәулетшілердің мақсаты еңбекшілердің жұмысы
тұрмысы және демалысы үшін қолайлы жағдай жасалатын жаңа 
қалаларды салу болды.
Тарихи қалаларға келсек, олар толығымен жойылып және 
жаңаларымен алмастырылып, қайта құрылуы тиіс болды. Осын-
дай тәсіл жарым-жартылай 1935 жылдың 10 шілдесіндегі СНК 
КСРО және ЦК ВКП(б) қаулысымен бекітілген, Мәскеуді қайта 
құрудың алғашқы «сталиндік» Бас жоспарының бағытын алдын ала 
анықтады. 
Кешенді Бас жоспар көшелер мен алаңдар желісін реттеу 
есебінен қайта жоспарлап, қала орталығының тарихи қалыптасқан 
тарамдалған-айналма құрылымын сақтап, Мәскеу аумағын 
кеңейтуді қарастырды. Қала ішінде жасыл желек саябақтар жоспар-
ланды, өнеркәсіптік кәсіпорындар құрылысы белгіленді. 1937 жылы 
Мәскеуді суландыру үшін Мәскеу-Волга арнасы іске қосылды, оның 
жолында ірі су қоймалары пайда болды.
Аудандық құрылымның қалыптасуы мен қаланың өсуі 
Мәскеудің жаңа көлік жүйесін құруды талап етті. 1932 жылы қалалық 
қоғамдық көлік проблемасын едәуір дәрежеде шешкен метрополи-
тен құрылысы басталды. Мәскеу метросында бірінші кезекте 1935 
жылы іске қосылған тереңге төселген жолдар үшін тоғыспалы және 
тіреу-арқалықты конструктивтік жүйелер қолданылды. Орасан зор 
жерасты сәулет ансамблінің көркейту және тамаша өңделу дәрежесі 


269
жағынан әлемде теңдесі болмады. Метрополитеннің ең үздік 
станцияларының қатарына «Кропотинская» (сәулетшісі А. Душкин, 
Я. Лихтенберг, 1935 ж.), «Красные ворота» (сәулетшісі И. Фомин, 
1935 ж.), «Маяковская» (сәулетшісі А. Душкин, 1938 ж., 
138-сурет

жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет