Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова



Pdf көрінісі
бет263/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet

148-сурет
149-сурет
Сәулет академиясының заңсыз жабылғандығы 1960 жылы айқын 
болды. Сәулетті қайта дамытуды жылдам және тиімді шешу үшін ал-
пысыншы жылдардың ортасынан бастап Новосибирск, Қазан, Пенза, 
Ростов, Саратов және басқа қалаларда жоғары және орта арнайы оқу 
орындарының базасында орыс сәулетшілігінің үздік дәстүрлерінде 
кәсіби сәулетші кадрларды дайындайтын сәулет факультеттері мен 
бөлімдері құрылды. Осы оқу орындарының түлектері 1970-1980 
жылдары сәулетті қалыптастырды.
1970 жылы функционалдық және техника-экономикалық 
міндеттерді шешумен қатар сәулетшілердің алдында айқын-
көркемдік композицияны жасау мақсаты тұрды. Ғимараттың сәулет-
көркемдік бейнесін қалыптастыруда: қабырғаға салынған сурет, 
таскесте панно, мүсін сияқты монументті-сәндік өнердің әртүрлі 
түрлерін пайдаланады. Ғимараттың эстетикалық айқындығы мен 


283
бейнелігіне деген ұмтылыс көптеген азаматтық, ауылшаруашылық 
және өнеркәсіптік ғимараттардан, әсіресе, А. М. Горький атындағы 
МХАТ-тың жаңа ғимараты (1972 ж. В. Кубасов және басқалар) 
сияқты бірегей қоғамдық ғимараттар сәулетінде айқын байқалды. 
Онда 60-жылдардағы ғимараттардың кеңістіктік шешімінен темір 
бетон қаңқа мен шыны толтырма қолданылатын 70-жылдардағы 
материалдық-салмақты және иілімді композицияларға ауысу 
байқалады. 
1970-1980 жылдары кеңестік сәулет дамуында қала құрылысы, 
көлік қатынастарын дамыту, қалаларды функционалдық 
аймақтандыру, олардың экологиясы бойынша ғылыми-зерттеу 
жұмыстарының маңызы зор. Мәскеу үшін айналма автомобиль 
жолдарының (МКАД) аумақтық өсуінің ғылыми негізделген шектеуі, 
орталықты тығыздау, астананың жоспарланған аймақтарының 
орталықтарын автоматтандыру жұмыстары жасалды. 
Сәулетшілер 60-жылдары кеңестік функционализм және кон-
структивизмнен бас тарта бастайды. 70-жылдардың соңында мо-
дернизмге деген қызығушылық пайда болады. Сексенінші жылдары 
модернизм неомодернизм деген атпен қайтадан әлемдік сәулетшілік 
аренасына шығады. Неомодернизм модернизмнің құндылығын 
сақтай отырып, кемшіліктер қатарын жояды. Неомодернизм туын-
дылары ортаға қарсы тұрмайды, ойланып және органикалық орын-
далып құрылыс контекстіне кіреді. Тұрғын үй құрылысы едәуір 
икемделіп, қоғамдық ғимараттар сәулеті тартымды дара кескінге ие 
болады, бақ-саябақ және ландшафтық сәулетке қызығушылық арта-
ды.
КСРО белсенді ұлттық саясатына байланысты кеңестік 
сәулетте регионализмге үлкен мән беріледі. Әсіресе, ол ірі 
қоғамдық ғимараттарды салуда одақтас республикаларда айқын 
көрінеді. Ресейде «халықтар достастығы» бағдарламасы сол неме-
се басқа республикалардың сәулетшілік белгілерін меңгерген сәулет 
туындыларының едәуір мөлшерін қалдырды. Сондай-ақ ресейлік 
сәулетшілер ұлттық орыс сәулетіне қайта оралады. «Орыс стилін» 
қайта дамытуға әрекеттер жасалады. Көбінесе, бұл шағын қоғамдық 
ғимараттардың қасбеттері мен интерьерлерін безендіруде іске 
асырылған орыстың ағаш сәулетшілігі еді.
Сәулетшілердің біразы «хайтек» қазіргі заман стилін 
қалыптастыру үшін алғышарттарды жасай отырып, ғимарат 


284
құрылымында конструктивтік жүйені айқындау, ғимарат бейнесін 
«машиналандыру» жолында жүреді. 
Кез келген қоғамдық формацияларда ғимарат – символдарды 
жасауда идеологиялық қажеттілік туады. Сондықтан сәулет пен 
мүсінінің «гибриді» болып саналатын символизм өткенді ғана емес, 
сонымен қатар бүгінгі күні де және болашақта да өз мәнін сақтап 
қалады (шектеулі болса да). Едәуір идеологияландыруға ұшыраған 
кеңестік сәулетте бүкіл даму кезеңі аралығында имарат-символдар 
кездеседі. Бұл – 100 метрлік В. И. Ленин мүсіні орнатылған Кеңестер 
сарайы, Париж бен Нью-Йорктегі көрме павильондары. Осакадағы 
«Экспо-70» ұсынылған кеңестік павильоны (сәулетшісі М. Посо-
хин, В. Свирский және басқалар) жайылған ту символы түрінде 
жасалған. Қасбеттің биіктігі әртүрлі жазықтығын тұрғызуда (20-дан 
100-ге дейін) қызыл түске анодталған алюминий қаптамамен қаңқа-
байланыстырғыш болат конструкция қолданылған.
1980 ж. соңы – 1990 жылдың басында постмодерн ықпалымен 
композициясында қалыптан тыс ұлғайған символикасы бар жоба-
лар кездеседі. Бұған сәулетшілер В. Кубасов пен Р. Фаерштейннің 
Севильдегі «Экспо-92» ұсынған кеңестік павильонындағы он екі 
метрлік павильон үстіне кергіште орнатылған орақ пен балғаның 
32 метрлік композициясы мысал бола алады. Жаңа құрылыс тех-
нологиялары мен техникасын қолданумен қалыптасқан сәулеттік 
нысандардың маңызы зор.
Қазіргі заман сәулетінде шығармашылық және стилистикалық 
бағыттардың қалыптасуына ресейлік сәулетшілер белсене қатысқан 
халықаралық және мемлекеттік көрмелер мен конкурстар үлкен 
ықпал етті. 1970 жылдың ортасы - 1980 жылдың соңындағы сәулет 
көрнекті кеңестік сәулетшілер шеберлігінің өскен деңгейімен 
белгіленді. 
Жалпы кеңестік кезеңдегі орыс сәулетіне композиция тұтас-
тығы, адамға қатысты мөлшерлестік, өмірді гүлдендіретін көрініс 
тән.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет