285
ел экономикасы, оның мәдени
байланыстарының құрылымдары
ұйымдастырылуы тиіс болатын. Ескі мен жаңаның қала құрылысы
мен сәулетінің арақатынасы проблемасы жаңа шиеленіске ие болды.
Эстетикалық құндылықтардың қоғамдық маңыздылығы артты.
Посттоталитарлық сәулет кезінде әр сәулетші өзінің стильдік
әуестігін дарындылығына және қазіргі заман сәулетін түсінуіне қарай
көрсете алды. Ол кезде шығармашылық еркіндігінде кейде кәсібилігі
шамалы, ал кей жағдайларда кәсібилікке қарсы эклектикалық сәулет
туады.
1992 жылы елдегі сәулет-құрылыс қызметін реттейтін Ресей
сәулет-құрылыс академиясы (РСҚА) ұйымдастыру туралы жарғы
шығарылды. РСҚА-ның бірінші президенті
Александр Григорье-
вич Рогачев болды. Басты проблемасы «Адам – тұрғын үй – қала»
тақырыбы деп аталды.
Сәулеттегі жағымсыз құбылыстарды және елдімекендер
құрылысындағы апаттықты жою үшін Ресей Мемлекеттік құрылысы
Ресей сәулет-құрылыс ғылымдары академиясы және Ресей
сәулетшілер одағымен бірге 1995 жылдың 17 қарашасында сәулет
қызметі туралы Федералды заң бекітілді. 1998 жылдың 7 мамырында
РФ қала құрылысы кодексі шықты. Заман талабына сай өзгеріп оты-
ратын реалияға сәйкес 2003 жылдың 10 қаңтарында оған қосымша
өзгертулер енгізілді, сонымен қатар сәулетшілерді азат ететін басқа
құқықтық және нормативтік актілер қатары қабылданды.
1998 жылғы экономикалық дағдарысқа дейін шығармашылық,
интеллектуалды дағдарыс келді. Жаңа ұлттық сәулет құру ту-
ралы мәселе қойылды. Бүгінгі күні осы үдерісті
анықтайтын
заңдылықтарды ерекшелеуге, екі тенденцияны атап өтуге болады.
Біріншісі – жарлылар мен «қолдан салынған» үйлерге тапсы-
рыс беруші байлар арасындағы айырмашылықты ерекше көрсетуге
мүмкіндік беретін эклектизмнің дамуы.
Екіншісі – энергия сақтау факторына байланысты құрылыс тех-
нологиясымен қалыптасады.
1990 жылдың соңынан бастап Ресейде тәжірибе алмасуға
мүмкіндік
туғызатын сәулеттік конкурстар, көрмелер, байқаулар
(«Тең қима»), фестивальдер жүйелі түрде өткізілетін болды. 1993
жылы Ресей сәулетшілері одағы жыл сайын жас сәулетшілер мен
студенттердің құрылыстары, жобалары мен шығармашылығы сала-
286
сында үздік сәулет туындылары байқауы өткізілетін «Сәулетшілік»
сәулет фестивалі ұйымдастырылды.
Ресейлік сәулетшілердің халықаралық
сәулет конкурстары-
на белсенді қатысуы (мысалы, Венециядағы «бьеннале») сәулет
қызметінің әртүрлі түрлері саласында жетістіктер мен кемшіліктерді
анықтауға, оларды жеңу жолдарын табуға көмектеседі.
Экономикалық дағдарысқа қарай кеңестік кезеңнің көптеген ірі
мемлекеттік жобалау ұйымдары ыдырады. 1990 жылдың соңынан
бастап қазіргі заман сәулеті туралы тапсырыс беруші мен қоғам
түсінігіне сай, композициялық-көркемдік
бейнені табуға қабілетті
жеке ғылыми-жобалау және өндірістік фирмалар, шығармашылық
сәулет ұжымдары мен шеберханалар пайда болды.
Ресей сәулетшілері алдында ХХ ғасырдың соңында көптеген
проблемалар тұрды. Бұл стиль проблемалары, сәулет пен табиғаттың
өзара
байланысы, сәулет пен өнердің басқа түрлерінің қатар өмір
сүруі, бейне, ансамбльдер мен қала құрылысының көркемдік сапасы
проблемалары және сәулет қызметінің барлық түрлерін қамтитын
көптеген басқа өткір проблемалар еді.
Достарыңызбен бөлісу: