Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова



Pdf көрінісі
бет260/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet

1.11.4-тақырып. 1950 жылдың екінші 
жартысы - 1991 жылғы КСРО сәулеті
Жаңа озық конструкциялар, темір бетон кеңінен пайдаланыла-
ды.
1950 жылдың соңы – 1960 жылдың басында озық құрылыс 
технологиясының жаңа әдістері әзірленеді. Ірі панельді ғимарат-
тарды «дөңгелектен», қатпарсыз жинақтау құрылысты едәуір қар-
қындатты. Бұл әдіс қала орталықтарында қалыптасқан құрылыс 
жағдайында тиімді болып шықты. Құрылыс технологиясында ерек-
ше перспективалар қабаттарды көтеру және тайғанақ және жылжы-
малы қалыпта ғимаратты тұтасқұйма темір бетоннан тұрғызу әдісін 
ашты. Алғаш рет бұл әдіс 1959 жылы Ленинградтағы 4 қабатты 
тұрғын үй салуда пайдаланылды. 
Бірыңғай темір бетон бұйымдар мен конструкциялардың Ортақ 
каталогы негізінде тұрғын үйлер ғана емес, сонымен қатар қоғамдық 
ғимараттар, инженерлік имараттар тұрғызылды.


277
Өкінішке орай, Тұрғын үй құрылысының шапшаң қарқыны 
құрылыс, әсіресе өңдеу жұмыстарының сапасыздығына әкелді 
және сәулеттік ойға сәйкес орындалмады. Аула ішіндегі кеңістікті 
көркейту және көгалдандыруға қаражатты үнемдеу, қасбеттердің 
біліксіз және апаттық безендірілуі нәтижесінде жаңа аудандар 
жалықтыратын біркелкі әсер қалдырды.
Сәулет-құрылыс жұмыстарын жүргізуде үнемділікке ұмтылу 
1963 жылы сәулетшілердің қанағаттанбауының салдарынан 
қолдаушы сәулет ұйымы – Кеңестік сәулет академиясының жо-
йылуына әкелді. Құрылыс технологиясы мен техникасының жал-
пы жоғары даму деңгейі, жаңа конструктивтік және өңдеу мате-
риалдарын қолдану кезінде осы кезеңдегі кеңестік сәулет елдің 
шығармашылық әлеуетінде негізі қаланған әлемдік деңгейге шыға 
алмады. Ғимараттар мен имараттардың қайталанбас кескінін аз 
қаражатпен жасауға талпынған кеңестік сәулетшілердің ынтасының 
арқасында ғана 1960-1970 жылдары сәулетте тартымды шешімдер 
пайда болды. 
Типтік өлшемдердің шектеулі санын қолдану негізінде Жаңа 
Артекте пионер лагерьлері салынды («Морской», 1960-1961 ж., 
«Прибрежный», 1960-1964 ж., «Горный» 1972 ж., сәулетшісі А. 
Полянский және басқалар). Типтік ғимараттар, бөліктер мен жеке 
элементтер үйлесімінің нұсқалары санының өсуі есебінен шипажай-
курорттық ғимараттар шешімінің алуан түрлігіне қол жетті 
(145-су-
рет).
1960 жылы темір бетон элементтерді қолдануды толығымен 
басқа құрылыс конструкциялары ығыстыратын өнеркәсіптік құры-
лыс дамуын жалғастырады. 
Сәулетшілер өнеркәсіптік нысандардың жобалау шешімдерін 
эстетикалық тұрғыдан қайта ойлауға әрекет жасайды. Сәулеттің 
жаңа айқын тәсілдерін іздестіру Ангара (Г. Орлов және басқа) және 
Енисейдегі (Н. Брусиловский, Р. Якубов) гидростанциялар сияқты 
имараттардан көрінді. Өнеркәсіптік сәулет саласында теориялық 
жұмыстар Тольятти қаласындағы Волжск автомобиль зауытын салу-
да іске асырылды (1967-1971 ж.).
1960-1970 жылдардың соңында өндірістік нысандардың озық 
шешімдерінің бірі барлық цехтарды тығыз ұйымдастырылған 
алаңдарда максималды механизация және жабдықтар шоғырланған 
ортақ моноблокқа біріктіру болды. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың 


278
аумақтарын босату есебінен аумақты көркейту ғана емес, соны-
мен қатар жанасқан аудандардың экологиясын жалпы жақсарту 
мүмкіндігі туды. Сонымен қатар өнеркәсіптік нысандардың 
айқындылығын арттыру оларды қала ансамбльдерінде пайдалануға 
мүмкіндік берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет