292
Осында жаңа қоғамдық имараттармен
қатар соңғы жылдары
мәдениет нысандарының құрылысы қайта дамыды (Новгородтағы
«Комедия» театры, Хабаровскідегі «Арена» циркі, Якутск драма
театры), кеңестік кезеңнің көптеген театр және клуб ғимараттарын
қайта құру жұмыстары жүргізіледі (Иркутскідегі Охлопков атындағы
драма театры).
Ұзақ жылдар ішінде алғаш рет
Мәскеудегі Мемлекеттік Тре-
тьяков галереясы қалпына келтірілді және қайта құру жұмыстары
жүргізілді (И.
Виноградский және басқалар, 1995 ж., 154-сурет).
1999 жылы Мәскеудегі Үлкен Кремль сарайының Александр және
Андрей залдары қалпына келтірілді (Е. Степанов және басқалар).
Жаңа Ресей Үкіметі елде дене шынықтыру,
халықты
сауықтандыру, спортты дамытуға зор мән береді. Біртіндеп спорт
нысандарының құрылысы қайта дамиды.
Мәскеуде Удальцов
көшесінде бірінші Дүниежүзілік жастар ойынының Олимпийлік
ауылы, Санкт-Петербургте «Хоккей - 2000» спорт сарайы, Нижего-
род обл. Саров
қаласында спорт-мәдени кешені, Мәскеуде Черки-
зов көшесінде «Локоматив»
футбол стадионы салынды, Лужникте
Үлкен спорт аренасына қайта құру жұмыстары жүргізілді.
Өнеркәсіптік имараттар құрылысында түпкілікті өзгерістер бол-
ды. Қалалардың орталық бөліктерінде орналасқан ескі өнеркәсіптік
нысандар мүмкіндігінше қала шетіне көшіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: