Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова


Қазіргі қала құрылысы проблемалары



Pdf көрінісі
бет265/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet

Қазіргі қала құрылысы проблемалары
Қала құрылысы перспективалары туралы түсініктердегі 
өзгерістер жаппай және кәсіби санадағы өзгерістер нәтижесінде 
туды. Олар экологияға, тарихи сәулет мұралары мен мәдениетке 
жаңа қарым-қатынас нәтижесі болды. Қалалардың тұрақты да-
муы, қоныстандыру жүйелері, қоғамның табиғи ортамен өзара 
байланысын нығайту идеялары туды. Тарих, мәдениет және сәулет 
ескерткіштерін қорғау және жаңғыртуға, қала өзгешелігін қамтитын 
бейнелік контекске қоғам назары аударылды. 
Қала бейнесі, оның «келбеті» ең алдымен, қоғамның әлеуметтік 
тұрмыс жағдайымен, нақты тарихи тағдырмен, ел өміріндегі 
оның алатын орнымен, мәдениеттің даму деңгейімен, ұлттық 
ерекшеліктермен, географиялық және табиғи факторлармен 
анықталады. Сонымен қатар қала бейнесі оның функционалдық 
сипатымен, өнеркәсіптік, ауылшаруашылықтық қала, ғылым, 
демалыс қаласы, портты қала ретінде оның кәсіби бағытымен 
анықталады. Кез келген тірі организм сияқты қаланың даму 
перспективасын, оның «кескінін» сақтай отырып айқындау – қала 
құрылысшыларының басты міндеті.


287
Қала құрылыстық міндеттерді кешенді шешу қаланың бас жос-
пары тұжырымдамасының жобасын жасамайынша мүмкін емес. 
1990 жылдың соңынан бастап Санкт-Петербор, Вологда, Краснодар, 
Якутск, Владивосток, Южноуральск, Нюрба және Ресейдің әртүрлі 
аймақтарының көптеген басқа қалаларының бас жоспарын құру 
бойынша жұмыстар басталады. 2001 жылы Мәскеу қаласының 2020 
жылға дейінгі даму жоспары бекітілді (сәулетшісі А. В. Кузьмин 
және т.б., 
150-сурет
).
ХХ ғасыр басындағы қала құрылысы тұжырымдамасына 
қарағанда көптеген Ресей қалаларын дамытуда қайта құру негізгі 
әдіс болып қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет