279
1960-1970 жылдары жаңа қалалар құрылысы жалғасады.
Айқын қоғамдық ғимараттармен үйлесімде әртүрлі қабатты тұрғын
үй құрылысы пайдаланылған Тольятти және Челн жағалаулары
қалалары жылдам салынды (1973 ж., Б. Рубаненко және т.б.). Жалпы
қалалық ансамбльдерді жасауда тарихи тәжірибе шығармашылықпен
игерілді, қаланың табиғи ортамен байланысы ескерілді,
жоспар-
лау және салудың жаңа қағидалары қолданылды. Композициялық
тұтастық пен көркемдік құндылық Жастар алаңы,
қала орталығы
сияқты қала ансамбльдерімен Зеленоград қаласын ерекшелейді
(1975 ж., сәулетшісі И. Покровский және басқалар). Қала ортасын
қалыптастыруда шағын пішіндер сәулетіне үлкен көңіл бөлінді.
Сәулетшілер мен қала құрылысшылары селолар мен
ауылшаруашылық кешендерінің
жаңа кескінін жасау бойынша
жұмыстарды бастайды. Ауылшаруашылық кенттерін салу жобасына
бірнеше конкурстар жарияланды.
1970 жылы қала құрылысы қызметінде Ұлы Отан соғысының
батырларына арналған мемориалды имараттар маңызды орын алды:
Пискарев зираты, Брест қамалы,
Волгоградтағы Мамай қорғаны
және басқа қалалардағы сәулеттік-мүсін кешендері. Осы кезде сәулет
ескерткіштерін сақтау және қалпына келтіру бойынша маңызды
жұмыстар жүргізілді. Петергоф сарайлары мен субұрқақтары
қалпына келтірілді, Мәскеудегі Зарядье ауданы, Астрахань кремлінің
кескіні қайта жасалды. Жол үстіндегі қонақ үй жаңғыртылды
және Кижи көлінде ағаш сәулетшілік мұражайы жасалды. Үкімет
көне орыс қалаларының «Алтын сақинасын»
жасау және бірнеше
қалаларды қорықтарға айналдыру туралы шешім қабылдады (Суз-
даль, Владимир). Онда туризм нысандарының құрылысы: қонақ
үйлер, туристік фирмалар, қоғамдық
тамақтану кәсіпорындары
желілері қарастырылды.
1970-1980 жылдары қала халқы санының өсуі жағдайында күр-
делі көлік жүйесі қалыптасады, қала құрылысы пішіндері мен құ-
рылыс аудандарының жаңа масштабы пайда болды, көп
функционалдық жүйелер және қаланың белсенді орталықтары
құрылды.
Көптеген
қалалардың
орталықтары
қайта
ұйымдастырылды. Миллион халқы
бар қалаларда метрополитен
құрылысы басталды.
Мәскеу Ресейдің қала құрылыстық өнерінің бүкіл даму
аралығында сәулетшілердің назарын аударды. 1960 жылы
280
орталықтандырылған сәулет нысандары пайда болды. Ескі және
жаңа құрылыстардың арақатынасы Калинин даңғылы ансамблінде
айқын көрінді (1962-1968 ж.), М. Посохин және басқалар,
146-су-
рет
).
Достарыңызбен бөлісу: