Мамай орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қойшыбай Ермұраттың пән бойынша жүргізілген жұмыстары туралы



Дата08.09.2017
өлшемі153,33 Kb.
#30234
Мамай орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Қойшыбай Ермұраттың

пән бойынша жүргізілген жұмыстары туралы

МӘТІНДІ ЕСЕБІ
2014-2015 оқу жылы
Қазақ тілі пәні мектептегі негізгі пәндердің бірі, әрі білім ордасындағы туған тілдің өркендеуі мен дамуына әсер етуші басты құрал екендігі сөзсіз. Қазақ мектебіндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні – оқушылардың бойына ұлттық-рухани құндылықтарды сіңіреді, туған тілдің тұнық нәрімен сусындатады.

Мамай орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі - Қойшыбай Ермұрат. Білімі жоғары.



Білімі туралы мағлұмат:



Білім алған оқу орны

Оқыған жылдары

Мамандық

1.

Щучье гуманитарлы-техникалық колледжі

(күндізгі бөлім, үздік диплом)

2000-2004 ж.ж.



Бастауыш сыныптарда білім беру

2.

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

(сырттай)

2005-2008 ж.ж.



Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

I санатты мұғалім. Жұмыс өтілі – 11 жыл. Қазақстан Республикасы білім беру саласы қызметкерлерінің біліктігін арттыру курстарының II (орта) деңгейінен өткен.



Білім жетілдіру курстарынан өткендігі туралы деректер:



Тақырыбы

Мерзімі

Өткізілген орны

1.


«Қазақ тілін оқыту барысында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану»

18.02. – 23.02. 2008 ж.ж.




Көкшетау қаласы

2.



«Интерактивті тақтамен жұмыс жүргізудің қолайлы әдіс-тәсілдері»

09.12 – 11.12. 2009 ж.ж.




Көкшетау қаласы

3.


«Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда әдіс-тәсілдердің тиімділігін арттыру»

13.02 – 24.02. 2012 ж.ж.




Көкшетау қаласы

4.



«Оқушылардың тәрбие деңгейін диагностикалау»

18.06 – 23.06. 2012 ж.ж.




Көкшетау қаласы

5.


«Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың II (орта) деңгейі бағдарламамасы курсы»

01.10 – 25.12. 2012 ж.ж.




Алматы қаласы


6.


«Оқу мен Жазу арқылы Сын Тұрғысынан Ойлауды Дамыту» жобасы бойынша Қазақстан Оқу Ассоциациясы ұйымдастырған семинарлар жиынтығы

2013 жыл




Степняк қаласы

Мұғалім пәннің оқыту сапасын арттырып, заманға сай, бәсекеге қабілетті оқушыларды тәрбиелеу үшін жоғарыда аталған Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың екінші деңгейлі бағдарламасы курсынан және сын тұрғысынан оқыту курстарынан өтті.

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында түрлі педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, сабақтарының барынша қызықты да тартымды өтілуіне назар аударады. Мұғалімнің өз сабақтарында жиі қолданатын әдіс-тәсілдері: сын тұрғысынан ойлау, ақпараттық-коммуникативтік технологиясы, диалогтік оқыту әдісі, жұпта, топта оқыту тәсілдері т. б. Мұғалім оқыту үрдісінде оқушылардың өмірлік ұстанымдары мен көзқарастарын қалыптастыруларына, олардың өзіндік ізденістеріне, ортаға тез бейімделулеріне, ең бастысы өмірде өз орындарын таба білуге бағытталушылық, жол сілтеушілік бағытына басты назарды аударады.

Мұғалімнің өз пәні бойынша алдына қойған мақсаты:



«Ана тілінің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсінген, тілдің қызметін жүйелі меңгерген, қарым-қатынастық біліктілігі дамыған, өз халқының, ана тілінің тарихын жетік білетін, ұлттық асыл қасиеттерді бойына сіңірген дара тұлғаны даярлау».

Оқушылардың қазақ тілінен білімдері мен біліктерін арттыру, туған тілде тұнық сөйлеу, қазақ тілінің қадір-қасиетін біліп, бағалау, қазақтың ұлы тұлғалары, ақын-жазушылары мен қоғам қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылығы туралы толық білім беру – пәнді оқыту барысында басты назарда болады.

Мамай орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мемлекеттік стандартқа сай, әдістемелік талаптарға негізделе отырып өткізіледі.

Мектептегі қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің жылдық оқу жүктемесінің көлемі:



Қазақ тілі:

5-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;

6-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;

7-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;

8-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;

9-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;



Қазақ тілі (жаратылыстану-математикалық бағыт):

10-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

11-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

Апталық жүктеме – 15 сағат.



Әдебиет:

5 - сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;

6-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;

7-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;

8-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;

9-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;



Әдебиет (жаратылыстану-математикалық бағыт):

10-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;

11-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;

Апталық жүктеме – 16 сағат.

Мектеп оқушыларының қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша білім деңгейлері жоғары.

2014-2015 оқу жылында қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен оқушылардың білім сапасы мен үлгерімінің орташа көрсеткіші:



Қазақ тілі:



Сынып

Сапасы

Үлгерімі

1.

5

0%

100%

2.

6

33,3%

100%

3.

7

100%

100%

4.

8

80%

100%

5.

9

50%

100%

6.

10

75%

100%

7.

11

100%

100%

Барлық сыныптар бойынша қазақ тілі пәнінен білім сапасы мен үлгерімнің орташа көрсеткіші:

Сапа – 70%

Үлгерім – 100%

Әдебиет:



Сынып

Сапасы

Үлгерімі

1.

5

100%

100%

2.

6

33,3%

100%

3.

7

100%

100%

4.

8

80%

100%

5.

9

50%

100%

6.

10

100%

100%

7.

11

100%

100%

Барлық сыныптар бойынша қазақ әдебиеті пәнінен білім сапасы мен үлгерімнің орташа көрсеткіші:

Сапа – 78%

Үлгерім – 100%
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің барлық оқу-тәрбиелік үрдісі жалпымектептік-жылдық жоспарды басшылыққа ала отырып жүзеге асырылады. Атап айтқанда, пән бойынша өткізілетін апталықтар, олимпиада, ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары тағы басқа көптеген іс-шаралар. Қазақ тілі пәніне қатысты өткізілетін сайыстар мен конкурстардың мектепішілік сұрыптау кезеңінен өткен оқушылар аудандық, облыстық бәсекелерде үздік нәтижелер көрсетуде.

2015 жылы 7-сыныпта Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақта интерактивті тақта қолданылып оқушылар сын тұрғысынан ойлау әдісінің кубизм, дөңгелек үстел тағы басқа стратегиялар қолданыла өткізілді. Сабақта балалар жұптық, топтық жұмыстарда ынталы, белсенді болды. Қатысқан мұғалімдер сабаққа оң бағасын берді.

Ал тәрбиелік бағыттағы іс-шаралардың ішінен ерекше атап өтетін шара «Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына» орай мұғалімнің өзі сценарийін құрған «Керей мен Жәнібек» қойылымы. Қойылым алдымен мектепте қойылып, кейін аудандық көркемөнерпаздар байқауында жоғары бағаланды. Аудандық Мәдениет басқармасының арнайы мадақтамасымен марапатталды. Қойылымға қатысқан оқушылар өздеріне берілген рөлдерді шынайы да нанымды етіп, актерлік шеберліктерін барынша сомдай отыра ойнап шықты.

Мектеп оқушылары қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша мектепішілік сайыс, жарыстармен қатар, аудан, облыс көлеміндегі іс-шараларға да жиі қатысады.

2014-2015 оқу жылында қазақ тілі пәні бойынша аудандық, облыстық білім сайыстарына қатысып, жүлделі орын иеленген оқушылар туралы дерек:





Оқушының аты-жөні

Сынып

Конкурс, кезеңі

Иеленген орны

1.



Қалмұрат Ердәулет

10


Аудандық

Абай оқулары



I

2.

Облыстық ғылыми

жобалар конкурсы



II

3.


Облыс «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы «Жас ғалымдар» номинациясы

III

Жыл сайын ҰБТ тапсырушы мектеп түлектері қазақ тілі пәнінен жоғары балдық көрсеткіштерге қол жеткізуде. 2014-2015 оқу жылында Мамай орта мектебінің 11-сынып бітіруші түлектері 4 оқушы. Олар жыл басынан бері пән бойынша ҰБТ-ға тыңғылықты дайындалуда. Алдын-ала бақылау тестері бойынша көрсеткіштері жоғары.

11-сынып оқушыларының қазақ тілі пәні бойынша алдын-ала бақылау тестерінде көрсеткен нәтижелері:










Оқушы-ның аты-жөні



Өткізілу мерзімі,

Балл


Орташа балл


3.10.2014

26.11.2014

06.12.2014

09.12.2014

19.12.2014

08.01.2015

17.01.2015

17.02.2015

04.03.2015

14.05.2015

20.05.2015






1


Қабыкен Арсен


18


19


18


18


14


16


20


20


22


22


23


19

2



Рамазанова Айнұр


23


21


22


21


23


23


21


22


22


24


25


22.5

3


Тукенова Арина


22


21


19


18


22


16


18


23


20


23


20


20.1

4



Тукенов Әміржан


15


21


18


16


20


19


21


18


19


22


24


19.3


Қазақ тілі пәні бойынша ҰБТ нәтижесі:





Оқушының аты-жөні





ҰБТ-ның

өтілу мерзімі



Балл



Бағасы


03.06. 2015


1.

Қабыкен

Арсен

22

5

2.

Рамазанова Айнұр

20

4

3.

Тукенова

Арина

24

5

4.

Тукенов

Әміржан

25

5

Қазақ тілі пәні бойынша ҰБТ-дан 11-сынып оқушыларының орташа балы - 22,7

Пән мұғалімі Қойшыбай Ермұрат үнемі өзінің педагогикалық-кәсіби білім-білік, тәжірибесін арттыру жолында аянбай еңбектенеді. Ол аудандық, облыстық деңгей дегі білім семинарларына, сайыстарға, тәжірибе алмасушылық іс-шараларға белсене қатысып әріптестерімен үнемі тәжірибе алмасып тұрады. Оның бір дәлелі, 2015 жылдың мамыр айында Көкшетау қаласында өткен «Білім беру және біліктілікті арттыру жүйесіндегі педагогикалық инновациялардың V Халықаралық Жәрмеңкесіне» қатысып, арнайы сертификат алуын атап өтуге болады. Онда ол өзінің әдебиет пәні бойынша 5-7-сыныптарға арналған қысқа мерзімді жоспарын ұсынды.

Мұғалімнің кәсіби қызметіне қатысты алуан түрлі тақырыптардағы мақалалары жыл сайын аудандық, облыстық және республикалық газет-журналдарда жарық көріп тұрады.

2012-2015 жылдар аралығында жарық көрген мақалалары:



Автор

Басылымның атауы

Жылы

Мақаланың тақырыбы

1.

Қойшыбай Ермұрат

Аудандық «Жаңа дәуір» газеті

2013 жыл

13 қыркүйек



«Сәлем, сүйікті мектебім»

2.

Аудандық «Жаңа дәуір» газеті

2013 жыл

22 қараша



«Зорлық-зомбылық – қауымға төнген қатер»

3.

Аудандық «Жаңа дәуір» газеті

2013 жыл

29 наурыз



««Қазақ» газетіне 100 жыл!»

4.


Облыстық «Арқа ажары» газеті

2014 жыл

7 маусым


«Өскенбайдың Құнанбайы»

5.


Республикалық «Қазақ тілі мен әдебиеті журналы»

12/2014


55-бет


«Өскенбайдың Құнанбайы»

Мектепте қазақ тілі кабинеті бар. Кабинет пәнге қажетті көрнекіліктер мен оқу-әдістемелік құралдармен толықтай жабдықталған. Жыл сайын кабинет жаңа көрнекіліктермен, әдістемелік материалдармен толықтырылып отырылады. Кабинет қазақ тілі мен әдебиеті пәніне байланысты стендтермен безендірілген. Онда қазақтың ақын-жазушыларының потреттері, қазақ әліпбиі және қазақ тілі мен әдебиеті біліміне байланысты мағлұматтар ілінген. Кабинетке эстетикалық талаптарға сай ашық түсті стендтер ілінген. Қазақ тілі кабинетінде интерактивті тақта бар. Интерактивті тақта жүйелі түрде сабақтарда қолданылады.



Қойшыбай Ермұрат өзінің деңгейлік курстан өткеннен кейінгі мол тәжірибесін әріптестерімен тәжіри алмасу бағытындағы іс-шараларда және жаңа үлгідегі сабақтарында сәтті пайдаланып келеді. Жоспарлары деңгейлік курс талаптарына сай орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспар түрінде жазылған. Сабақтарында оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін кіріктіре пайдаланып өткізеді.

Мектеп директоры: Біржанов Д.Б.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет