276
қаңқалы ірі панельді үйлер 1947 жылдан пайда болды. Мемлекеттік
құрылысты қамтамасыз ету үшін 1954 жылдан бастап 400-ден астам
темір бетон конструкциялар зауыты қатарға қосылады.
Құрама темір бетон конструкциялар өнеркәсіптік құрылыста
кеңінен пайдаланылды. Үлкен алаңдар мен жұқа қабырғалы
қабықшалардың кеңістіктік жабынын әзірлеу өнеркәсіптік, сондай-
ақ бірегей ғимараттардың азаматтық құрылысында темір бетонды
қолдану мүмкіндіктерін кеңінен ашты.
Ғимараттар тұрғызудың озық әдістері мен жедел технологияла-
ры көркемдік безендірудің жаңа стилистикалық әдістерін әзірлеуді
жобалады. Ғимарат айқындылығы терезе, балкон, лоджия, панель
ғимараттары қабырғаларының кесіндісі ырғақтылықпен, түрлі түсті
шешіммен орындалды.
Соғыстан кейінгі тұрғын үй қорын қалпына келтіру кезеңінде
адамдарды тұрғын үймен жылдам қамтамасыз ету үшін жаңа
аудандарға типтік ғимараттар салу экономикалық және әлеуметтік
тұрғыдан ақталды, дегенмен сәулетті бейнеуде өрескел тәсілдерге
әкелді.
Бұл кезеңде кеңестік сәулеттің даму кезеңінің аяқталуы СОКП
ОК және КСРО Министрлер Кеңесінің «Жобалау мен құрылыста
артықшылықтарды жою туралы» қаулысы болды (1955 ж.)
Достарыңызбен бөлісу: