270
«Мәскеу» қонақ үйі (1938 ж.), В. И. Ленин атындағы Мемлекеттік
кітапхана (1939 ж.), Кеңестік Армия театры (1940 ж.) болды. Бейнелі
шешімі құрылыста қойылуы, сәйкестемелік
қатынасы бойынша
30-жылдары үздік сәулеттік имараты Мәскеу орталығында құлаған
ескі құрылыстардың орнына салынған КСРО Халық Комиссарлар
Кеңесінің үйі болып табылады (1932-1936 ж., А. Лангман).
Мәскеуді салу және қайта құру тәжірибесі Ленинград, Новоси-
бирск, Томск және басқа қалалардың қала құрылыстық жұмыстарын
жүргізгенде пайдаланылды. Жаңа тұрғын аумақтар жоспарланған
аудандарға біріктірілген және тұрмыстық
қызмет көрсету комби-
наттарды қамтыған ірі қала бөліктері түрінде қалыптасты. Тұрғын
қала бөліктерінің кеңістігі көркейтілді, көгалдандырылды, онда
балалар мекемелері мен мектептер орналастырылды.
Жалпы осы
уақыттың кеңестік сәулетіне табиғатпен байланыс, адамға қатысты
мөлшерлестік, композиция тұтастығы, жасампаз сипат тән.
1930 жылдың соңында жаппай тұрғын үй құрылысына үлкен
көңіл бөлу мүмкіндігі туды. Әсіресе, тұрғын үйлерді құрылыстың
толассыз-тездік әдістерімен салу тәжірибесі, сондай-ақ Мәскеудегі
Валов көшесі мен Үлкен Алаңқайдағы (1939-1941 ж., А. Буров,
Б. Блохин),
Ленинградта, Магнитогорде, Новосібірде және Кеңес
Одағының басқа қалаларында ірі блоктардан салынған үйлер
құнды
болды.
Тұрғын үй құрылысы құрылысты едәуір жеделдеткен типтік
бөліктер мен құрама элементтер негізінде құрылды. Стандартты
құрылыс бөлшектерін өндіру үшін 1936 жылдан бастап Мәскеу мен
Ленинградта темірбетон конструкциялар зауыты салынады.
Соғысқа дейінгі уақыттағы кеңестік сәулет классикалық мұраны
игеру, сәулеттік бейнелерді монументтеу, салтанатты келбеттілікпен
сипатталады. Осы кезеңнің стилін жасауда 30-жылдардың
басын-
да Мәскеудегі Кеңестер сарайы жобасын дайындауға жарияланған
конкурс үлкен рөл атқарды. 1939 жылы Б. Иофан, В. Щуко, В.
Гельфрейхтердің жобасы бойынша қиратылған Құтқарушы Христос
ғибадатханасының орнына Кеңестер сарайының құрылысы бастала-
ды. Биіктігі 300 метрлік монументті композиция 100 метрлік В. И.
Лениннің мүсінімен аяқталуы тиіс болатын
(139-сурет).
Құрылыс
соғыс кезінде тоқтап қалады.
Көркейту тәсілдерін күшейту әсіресе, көрме сипатындағы има-
раттарда айқын көрінді. Сәулет тарихының айқын беттері Париж-
271
де (1937 ж., сәулетшісі Б. Иофан, мүсіншісі В. Мухина) және Нью-
Йоркте (1939 ж., сәулетшілері Б. Иофан, К. Алабян, мүсіншісі В.
Андреев) өткен Дүниежүзілік көрмелердегі
КСРО павильондары
(140-сурет)
болды.
Достарыңызбен бөлісу: