291
әкімшіліктік ғимарат, Н.Новгородтағы «Гарантия»
банкі
(151-су-
рет)
, Чебоксардағы Агропромбанк және т.б. Ресейдің барлық ірі
қалаларында тұрғызылды. Олардың сәулетінде экспериментті жоба-
лар қалыптастырылды және іске асырылды.
Жылжымайтын мүлік иелерінің жеке ауысымы аясында бір
конструкцияда әртүрлі қызмет –
сауда мен бизнес, спорт пен бос
уақыт жүзеге асырылатын жеткілікті масштабтағы имараттар
қажеттілігі сезілді. 5-10, тіпті, 20 мың шаршы метрлік ірі имараттар
жайлы сөз болып отырғандықтан қалаға деген ықпал күшті болуы
мүмкін.
Бұған алдымен, астанада пайда болып, ал қазір Ресейдің
басқа қалаларында тараған сансыз көп сауда, ойын-сауық және көп
функционалдық орталықтар мен кешендер дәлел.
Композициясының бейнелік
шешімімен ерекшеленетін ең
үздік сауда имараттарына Мәскеудегі сауда орталығы «Нептун»,
Химкидегі «Гранд-2» көп функционалдық сауда кешенін
(152-су-
рет)
және Можайск шоссесіндегі «Үш кит», Пермдегі Космонавтов
шоссесіндегі ақпараттық-коммерциялық кешенді жатқызуға болады.
Сауда кешендерінің ойын-сауық кешендерімен (Мәскеудегі
«ХL» сауда-ойын-сауық кешені) немесе тұрғын үйлермен (Вернадск
даңғылындағы тұрғын үй апартаментімен көп функционалдық
бизнес-орталық, 41,
153-сурет
), спорт
кешендерінің ойын-сауық
кешендерімен (Хабаровскідегі көп функционалдық спорт-ойын-
сауық орталығы) біріктірілген көп функционалдық орталықтары
пайда болуда.
Достарыңызбен бөлісу: