Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова



Pdf көрінісі
бет266/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet

150-сурет
Мұны Ресей сәулет және құрылыс ғылымдары академиясының 
жалпы жиналысының арнайы сессиясы растады (1997 ж.). Ғасырлар 
аралығында қайта құру әлемдік сәулетшілікте де маңызды 


288
үрдістердің біріне айналады. Ол кәсіби қала құрылыстық қызметтің: 
ұйымдастыру, инвестициялық, жоспарлау-жобалау, көлемді-
композициялық, жаңғырту, дизайнерлік-безендіру сияқты барлық 
салаларын қамтиды. Типтік және бірегей ғимараттар мен имараттар-
ды қайта құру, тарихи құрылыстарды жаңғырту, тарих пен сәулеттің 
жойылған ескерткіштерін қайта жасау саласында алға үлкен қадам 
жасалды.
1960-1970 жылдары тұрғын аудандарды қайта құру Мәскеуде, 
Мытищада, Ярославльде және т.б. қалаларда жүргізіледі.
Жобалаушылар қалалар мен аудандардың қоғамдық 
орталықтарын қайта құруға ерекше мән береді, өйткені қаланың 
іскери, қоғамдық және мәдени өмірі дәл осы жерде шоғырланады. 
Жаңа орталықтар құрылысымен қоса (Курск обл. Дурнево 
кенттеріндегі бос уақыт өткізетін орын 1994 ж., сәулетшісі М. Крыш-
таль), Екатеринбургтағы Репин көшесіндегі тұрғын үй кешенінің 
қоғамдық орталығы, 1994 ж., сәулетшісі А. Савченко, Е. Трубецков) 
ескі орталықтарды қайта құру да елеусіз қалған жоқ (халықаралық 
офисті-коммерциялық орталық «Невскідегі түндікті аула», 1998 ж., 
сәулетшісі С. Соколов және т.б.).
Қала бейнесін жасауда тарихи сәулет мұраларын ықыласпен 
қарауға ерекше көңіл бөлінеді. Соңғы уақытта отандық тарихқа 
деген қызығушылық арта түсті, елдімекендердің тарихи келбетін 
қалпына келтіру мен сақтауға және тарих, мәдениет және сәулет 
ескерткіштерін қорғау үшін күшті қоғамдық қозғалыс пайда бол-
ды. Дегенмен, сәулет ескерткіштері тас пішін болып қатып қалмауы 
тиіс. Тек қазіргі функцияларға толы олар сапалы жаңа мазмұнда өз 
өмірлерін жалғастыра береді.
Ұзақ уақыт бойы қорғаудан кейін, толық естен шығармас 
үшін Ресейдің тас шежірелері қазір қайта дамып жатыр. 2001 
жылы «Ресейдің Алтын жүзігіндегі Владимир жері» және «Коло-
менск» этнографиялық орталығының жобалары әзірленді. Стрель-
на кентіндегі «Конгресс сарайы» кешенінің кескіні, шағын тарихи 
қала Свияжск жаңадан жасалды. А. С. Пушкиннің «Михайловск» 
мұражай-қорында үлкен жаңғырту-қалпына келтіру жұмыстары 
жүргізілді, «Михайловск бағы – Михайловск қорғаны» кешенінің 
аумағы, Үлкен Эрмитаж және Третьяков галереясы қайта құрылды. 
Бүгінгі күні шамамен, 3000-дей ескерткіш (сәулет, монументті 
өнер және т.б.) және бақ-саябақ өнері ансамбльдерінің алуан 


289
түрлі түрлері мемлекеттің қорғауында. Белгілі тарихи дәуірдің 
қатардағы құрылысы болып саналатын және қала құрылыстық ор-
таны қалыптастыратын ғимараттар қаланың сәулет органдарының 
бақылауында (Омскідегі Тарск-Ленин көшелері («Ғибадатханаға 
апаратын жол»)). Қазіргі заман сәулетшісіне қойылатын талап - жаңа 
ғимараттардың мәдени немесе бейнелік бірегейлігін сақтай отырып 
жұмыс істеу қажеттігі.
Тарихи қала орталықтарын қайта дамыту, салу және 
көркейтуге қызығушылықтың артуымен қатар бос аумақтарды 
және қала ішіндегі бұзылған көне құрылыс аумақтарын игеру, та-
рихи орталықтармен қоса орталық аудандар құрылысын тығыздау 
белсенді жүргізілуде. Бұл үдеріс қала аумақтарын экономикалық 
тұрғыда тиімді пайдалануға ұмтылысты көрсетеді. 
Қала құрылымын жақсарту бағыттарының бірі – функционалдық 
аймақтандыруды жетілдіру немесе өзгерту. Өндірістік аумақтар 
және оларға жанасқан санитарлық-қорғау аймақтары қала 
құрылысшыларының назарын аударды. Олар көбінесе, көрме, 
сауда, жәрмеңке, қойма құрылыстарын, көліктік қызмет көрсету 
кәсіпорындарын (парктер, гараждар, СТО) орналастыру үшін резерв 
ретінде қарастырылады.
Қалалардың өсуіне және құрылыстардың тығыздалуына бай-
ланысты қалалардың көлік құрылымын жақсарту проблемасы 
шиеленісе түседі. Соңғы он жыл ішінде қаланың жол-көлік желісін 
жақсартуға ақша қаражатын жұмсау, оларды істеп шығару қабілетін 
арттыру мақсатында қаланың көлік жүйесін кеңейту, автомобиль 
тораптарын қалыптастыру едәуір өсті (Санкт-Петербордағы Уша-
ковск торабының эстакадасы, Мәскеудегі Гагарин тоннелінің 
диспетчерлік пункті және т.б.). Ірі қалаларда жолаушылардың 
толассыздығы (Мәскеу метрополитенінің Люблинск желісі, Санкт-
Петербортегі «Крестовый остров» станциясы), сондай-ақ қала орта-
сын жалпы гуманизация және эстетизация, жаяу жүргінші көшелері 
мен кешендерін құру (Андреевск жаяу жүргінші көпірі кешені, 
Мәскеудегі Нескучный бағының жағалауы және эспланадтары) 
метрополитеннің жаңа станциясын құру есебінен реттеледі.
Біздің қала ортасында көбі: шағын қала кеңістіктерін 
функционалдық аймақтандыру (аулалар, шағынгүлбақтар, кіші ба-
зарлар, жаяу жүргінші аймақтары және т.б.), қоғамдық көлік аялдама-
ларын, сыртқы жарнама, қала жиһаздары, шағын сәулеттік пішіндер 


290
және т.б. орналастыру ұсақ-түйекке байланысты сияқты көрінеді. 
Қала дизайны дербес көркемдік сала ретінде жас, дегенмен, оның 
қызмет өрісі зор. Шағын сәулеттік пішіндердің жеке элементтері 
мен кешендерін, жарнамаларды, мүсіндерді дұрыс орналастыру, 
асыл көшет сорттарын дұрыс іріктеу қалалықтардың талғамы мен 
мәдениетін тәрбиелей отырып, сана-сезіміне ықпал етеді.
Қолайлы қала кеңістігін құру – ландшафтық сәулеттің басты 
міндеттерінің бірі. Сәулетте жаңа бағыттар мен стильдердің пай-
да болғандығын қаланың ландшафтық дизайнынан көруге болады. 
Невск даңғылының аулаларын және Санкт-Петербордағы М. Садо-
вой жаяу жүргінші көшесін көркейту және көгалдандырудың бірегей 
жобасын 2000 жылы Л. Домрачева және О. Харченколар орындады. 
Мәскеуді көркейту және көгалдандыру бойынша 2001-2003 жыл-
дары үлкен жұмыстар атқарылды. Астананы гүлмен безендірудің 
бас сұлбасы әлемдік ландшафтық сәулетте бірегей жобаға айнал-
ды. Су беттерін пайдаланудың кең эстетикалық мүмкіндіктері 
Хабаровскідегі «Динамо» саябағында жасанды тоғандар 
сарқырамасын (Сәулетшісі Н. Прокудин) және Мәскеудегі Б. Садовой 
көшесіндегі «Аквариум» бағында субұрқақ кешенін (сәулетшісі В. 
Симонихин) жасауда көрсетілді. Саябақтар мен шағынгүлбақтарды 
жасау Ресейдің қала құрылысы өнерінде бағдарламалық бағытқа ай-
налды (Читадағы «Ягода Кай» клубының бағы, Мәскеудегі Ходынск 
алаңындағы Авиапарк). 
Қалаларды зерттеу және жобалау тәсілдер интеграциясын 
және әртүрлі ғылымдарды қолдануды, интерғылыми кенттендіру 
тұжырымдамасын жасауды, адамның күрделігі мен маңызы 
жағынан ерекше әлеуметтік, экономикалық, географиялық және 
қала құрылыстық проблемаларды шешуіне тура келетін қаланы 
қазіргі дүние феномені ретінде түсінуді талап етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет