Изофермент дегеніміз– (грек тілінен аударғанда isos – тең, бірдей және фермент деген сөзден шыққан) — бір ферменттің әр түрі, олардың полипептидтік құрылысында бір-бірінен айырмашылықтары, өзгешеліктерінің болуы. Олар бір түрге жататындардың ағзасында немесе жеке клеткасында кездеседі, олардың катализдік активтілігі әр түрлі болады. Изоферменттер немесе изоэнзимдар — бұл ферменттiң бiр реакциясын катализдейтiн көптiк формалары, бiрақ субстратқа, катализделетiн (белсендiлiк ) реакцияның максимал жылдамдығына, электрофоретиялық қуаттылығына немесе реттегіш қасиеттерінің жақындығына,жеке алғанда физикалық және химиялық қасиеттері бойынша бiр-бiрiмен айырмашылығы болады.
изоферменттер — креатинфосфокиназа болып табылады .Креотинфосфокиназа — бұл бұлшық етте, қаңқа бұлшық еттерінде, ми, қалқанша безі торшасында болатын фермент. Бұл ферменттiң изотүрi, қаңқалы бұлшық еттердiң креатинфосфокиназалары амин қышқыл тiзбегi бойынша айырмашылығы болады. Мысалы, бұл миокардтың бұзылуы, миокард инфарктiнде қандағы КФГi қан изотүрiн анықтап, дифференциалдауға мүмкiндiк бередi.
Қызметі: Изоферменттер басқа да изофункционалдық белоктар секілді, бір функцияны, яғни бір қызметті атқарады, бір ғана реакцияны катализдейд, бірақ изоферменттердің қатарына байланысты құрылысы өзгеруі мүмкін, мысалы алатын болсақ, молекулалық белсенділігі бойынша, рекцияның кинетикасы бойынша, және де тұрақтылықтары бойынша өзгерістері, айырмашылықтары болады. Негізінде изоферменттердің ерекшеліктері олардың біріншілік құрылымының генетикалық мерзімдік айырмашылықтарында, әдетте ондай айырмашылықтар көп байқалмайды. Синтезден кейін, ферменттердің молекулалары өзгеріп түрленген соң, оларды изофермент деп атауға болмайды. Фосфорланған және де дифосфорланған май ұлпасын ыдыратушы ферменттер изоферменттер болып табылмайды.
Мультиферменттік жүйе (латын тілінде multum – көп және фермент деген сөзден шыққан) – бұл көптеген әр түрлі ферменттерден құралған жиынтық. Мысалы, май қышқылдары синтезін реттеуші ферменттер мультиферменттік үлкен жүйе құрайды. Ашытқыда мультижүйе өзара тығыз байланыстағы әр түрлі жете ферменттен тұрады. Әрбір жеке мультиферменттік жүйе 2 ферменттен 20 ферментке дейінгі топтан құралады. Әрбір ферменттің белгілі бір химиялық реакцияны катализдейтіні белгілі. Мультиферменттік жүйеде бірінші фермент катализденген реакция өнімі екінші фермент катализдейтін келесі реакция үшін субстрат болады, т.с.с. Митохондрияларда А ацетилкоферметті СО2 және Н2О айналдырып, тотықтыруға мультиферменттік комплекс қатысады. Тыныс алу тізбегінде электрондарды ауыстырып алмастыратын цитохромдар мультиферменттік жүйеге жатады.