169-сурет
170-сурет
Үнемі өзгеріп отыратын дүние функционалдық аймақтанды-
руда қалыптасқан стереотиптерді қайта қарауда және сәулеттің
дәстүрлі нысандарын пайдалануда, стилистикалық бағыттарды
іздестіруде ғимараттар мен имараттардың жаңа түрлерін жасаудағы
қажеттілікті тудырды.
Ғылыми-техникалық жетістіктердің
сәулет дамуына ықпалы
Қазір де, бұрындары да сәулетшілердің көркемдік, сондай-
ақ конструктивтік тәсілдер мен құрылыс технологияларын таңдау
еркіндігі болды.
Егер конструкция өзінің механикалық функцияларын на-
шар орындаса, әдемі болып шықпайды, онда құрылыс мате-
риалдарын қалыптастыратын сапа және инженерлік есептің
барлық жаңа жетістіктері барынша пайдаланылуы тиіс. Шешім
тиімділігі, жоғары техникалық, материалды дұрыс пайдалану –
конструкцияның әдемілігі мен сәулет имараттарының жоғары
көркемдік құндылықтарын қалыптастырудың қажетті шарттары.
Сәулеттік кеңістікті ұйымдастырудың эстетикалық қағида-
ларымен конструкцияға қойылатын техникалық талаптар.
Құрылыс материалдары мен жаңа құрылыс технологиясының
жиынтығын жаңарту қазіргі сәулет пішіндерінің динамикалық
дамуына әкелді. Жаңа конструкциялық материалдардағы мүмкін-
діктерді жүзеге асыра отырып, сәулетшілер ішкі кеңістікке, сондай-
300
ақ имараттың сыртқы кескініне қатысты пішін қалыптастыру
еркіндігіне ие болады. Сонымен жаңа пішінге қарай қозғалыс жаңа
функционалдық үдерістер мен композициялық шешімдердің пайда
болуының арқасында ғана емес, сонымен қатар жаңа сапада дәстүрлі
құрылыс материалдарын пайдалану негізінде болады. Бірінші
кезекте бұл әйнек және металл сияқты материалдармен байланысты.
Дәл осы материалдар сәулеттік пішіндердің жаңару негізін құрайды.
«Хай-тек» сәулетінің нысандарын жасауда дәл осы материалдар
имараттың композициялық бейнесін жасайды.
Үлкен аралықты қоғамдық ғимараттарды тұрғызу қажеттігі
конструкторлардан ішкі көтергіш тіреулердің санын қысқартуды
талап етті. Бұл «тарамдалған» металл көтергіш құрылымдар мен
құрылғылардың, түрлі конфигурациядағы «шоғырлы» бағаналардың,
ванталы конструкциялардың жасалуына әкелді.
«Өзгертуші» сәулетті жасауда металл жаңа мүмкіндіктерді аша-
ды. Жақын араға дейін геометриялық пішінді өзгертуге қабілетті
механикалық жүйелер: жасанды жер серіктерінің күн батареяла-
ры, өздігінен ашылатын палаткалар мен салдар және т.б. ғарыш
және әскери салаларда ғана пайдаланылды. Бүгін өзгеретін көлем
сәулеттік тәсіл элементі бола алады. Мұндай сәулет үлгілерін АҚШ,
Жапония, Чилидің көрме нұсқаларында ғана кездестіруге болады.
Конструкцияны өзгерту екі тәсілмен жүзеге асырылады. Біріншісі
– компьютермен басқарылатын элементтер лебедка немесе пор-
шень жүйелерімен қозғалысқа келтірілетін топсалы қосылысты
бірнеше құрама бөлікке бөлу арқылы көлемді өзгерту. Екіншісі –
торлы беттерді қолдану, мысалы, ғимараттың ішкі кеңістігін сыртқы
дүниеге ашатын «жиналатын» күмбезді жабындар.
Әдетте, болат немесе алюминийден дайындалатын мұндай
«механикалық» сәулет: теңіз қабыршақтары,өсімдіктер, гүлдер тірі
табиғат бейнесі мен пішінін қайталайды.
Біздің уақытта ғылыми және техникалық негіздегі сәулетке
қатысты тірі табиғаттың пішінін қалыптастыру заңдары мен
қағидаларын жүйелі және мақсатты зерттеу мәселесімен техникалық
бионика аналогы бойынша «бионика сәулеті» деп аталатын сәулет
теориясы мен практикасының жаңа бағыты айналысады.
Тірі табиғаттың пішін тәсілдеріне тән заңдылықтарды талдау
материалды үнемдеу, конструктивтік шешімдерді рацинализа-
циялау, метеорологиялық факторларды әрекетін нақты есепке алу,
301
сондай-ақ өндірісті ұйымдастыру сияқты практикалық мәселелерді
шешуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар тірі табиғаттың пішін
қалыптастыру заңдылықтарын және соның ішінде табиғи пішіндер
элементтерін қиыстыруды зерттеу симметрия және ассиметрия
заңдарын, тірі табиғат пішіндері әдемілігінің объективтік негіздерін
және адам жасаған сәулеттік нысандарды тереңірек түсінуге
мүмкіндік береді.
Ехро-92 көрмесіндегі сәулетші С. Калатравтың Кувейт пави-
льоны балық сүйегін елестетеді, ал Ганновердегі Ехро-2000 Ве-
несуэла павильонындағы экзотикалық гүлдің аса зор жапырағы
экспозицияның бүкіл келбетін өзгертіп, гидравликалық поршеньмен
төмен түсіріледі.
Өкінішке орай, әзірше орыс сәулеті бұл салада тек бөлмелердің
ішкі трансформациясымен ғана шектеледі. Дегенмен, сәулет-
конструкторлық қызметке арналған өріс көбірек жасалады.
Дәстүрлі емес сәулетке оңай өзгеретін және жылдам жиналатын
жұмсақ қабықшалардан орындалатын имараттар жатады. Жұмсақ
қабықшалар – созғанда беріктігі жоғары, бірақ кернеудің басқа
түрлеріне қарсы келе алмайтын қабілетсіз материалдардан орын-
далатын кеңістіктік конструкциялардың ерекше тобы. Бұл сапаға
жоғары технология бойынша дайындалған пластмасса, әйнек, ме-
талл сияқты қазіргі материалдар қабілетті. Жұмсақ қабықшалар
қазіргі конструкциялардың үш: пневматикалық (аэростатикалық),
құйма (гидростатикалық) және тентті түрінде пайдаланылады.
Құйма конструкцияларды гидротехникалық нысандарда,
бөгеттерде қолданады. Көбінесе, қазіргі сәулетте тентті конструк-
цияларды пайдаланады (конструкцияның ең ежелгі түрі). Олардан
шағын уақытша имараттар, павильондар, стадиондардың жазғы жа-
бындары тұрғызылады. Тентті имараттарды 1994 жылы Татарстан
республикасы үшін В. Сладков дайындады. Ең тартымдысы және
перспективалысы пневматикалық конструкциялар. Оларды қолдану
саласы алуан түрлі: шағын сәулеттік пішіндер мен балалардың ойын
түрлері (батут) ірі көрме және спорт имараттарына дейін.
Ресейдің климаттық ерекшеліктеріне байланысты бұл конструк-
циялар аз тараған.
Климаттық шекараларды жеңе отырып, әйнек әртүрлі
имараттардың қоршау конструкциялары ретінде жаңа статусқа ие
болды. Металл пішінде әйнек панельдерді қолдану ғимараттарды
302
көлемді мөлдір емес конструкциялардан босатуды ғана емес, со-
нымен қатар қоршау қабырғаларының периметрімен іргетастарды
салуға жұмсалатын шығынды едәуір қысқартуға мүмкіндік береді.
Ғимараттың «тірі» қабықшасын жасау энергияны сақтаудың жаңа
тәсілін жүзеге асырады. Бұл жағдайда ғимарат іштен жылытылмай-
ды, ал сырттан жылытатын мөлдір «тон» «кигізіледі».
Қазіргі құрылыс әйнегінің ондаған түстерінің органикалық
үйлесімі көбінесе қазіргі сәулеттің мәнін анықтайды. Шыныталшық
негізінде 1994 жылы В. Хамкин, И. Скребицкий, және И. Улицкий-
лер түсталшықты көп қабатты кірпішті жасау идеясын ұсынды. Ол
ғимарат сыртынан да, ішінен де бағытталған жарық-түс әсеріне
жетуге мүмкіндік береді. Түсталшықты сәулет болашақтың
психологиялық сәулетіне ұласуы мүмкін.
ХХІ ғасырдың басында ортаны сыртқы әсерден қоршайтын
жазықтық ретінде «ғимарат қасбеті» ұғымы өзгерді. Қазіргі қасбет
– ғимараттың жалпы композициясына пластикасы жағынан белсенді
элементтерді қосумен молайған күрделі көлемді-кеңістіктік жүйе.
Жаңа қасбеттік материалдар және озық технология бойынша
дайындалған конструкциялар техникалық та, сонымен қатар кескіні
мен қолайлылығы жағынан заманауи нысандарды жасай отырып,
ғимараттың сәулет-көркемдік сипатын да түрлендіреді. Ғимарат
қасбетінің маңызды элементі терезелердің жарықмөлдір қоршауы
болып табылады. Олар қасбет пластикасына және ғимарат пен
тұтас ансамбль сәулетіне ықпал етеді. Бүгінгі күні отандық ин-
дустрия ағаш, алюминий, ағаш-алюминий және пластмассадан
жасалған қазіргі терезелер мен есіктерді шығаруды ұйымдастырады.
Жарықмөлдір қоршаудың дамуына деген қазіргі тәсілдің мақсаты
жаңа құрылыс пен қайта құру кезінде жылу қорғаудың нормативтік
деңгейімен ғимараттың сәулеттік айқындылығын арттыру үшін те-
резе үлгілерін кеңінен қолдануды қамтамасыз ететін конструкция-
лар мен технологияларды жетілдіру болып табылады.
Құрылыс техникасын дамыту динамикасы жаңа композициялық
шешімдердің қалыптасуына, ХХІ ғасырда жаңа үлгілер мен жүйелі
құрылым жүйелерін іздестіру мен жасау үшін пішін қалыптастырушы
әлеуетті жинауға мүмкіндік туғызды.
303
Достарыңызбен бөлісу: |