Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова


Қазіргі қала ортасының экология проблемалары



Pdf көрінісі
бет277/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet

Қазіргі қала ортасының экология проблемалары
ХХ және ХХІ ғасырлар аралығында кенттендіру өнеркәсібі 
дамыған елдер халқының 75 % қала агломерациясында өмір сүруіне 
әкелді. Бұл жағдай ірі қалалардың әлеуметтік және экономикалық 
регенерациясының негізгі сыңары ретінде қала ортасы сапасының 
рөлін күшейтуге себеп болды. 
Ірі қалалар – кез келген мемлекет картасында ең ластанған жер-
лер, бұл «жасылдардың» ғана проблемасы емес. Болашақ мәдениеттің 
жүйесінің бір бөлігі ретінде сәулет пен құрылыс қызметін экология-
ландыру проблемаға айналды.
Жақында ғана экологиялық зиян тұрмыстық қолайлылықтың 
әдеттегі деңгейінің шарасыз төлемі ретінде есесі қайтқан болатын. 
Бүгінгі күні бұл көзқарас ескірді. Қазіргі технологиялар адамның 
өмір сүруіне бейімделген, сол бір мезгілде табиғи ортаға шамалы 
жағымсыз әсер қалдыратын тұрғын үйлерді салу мүмкіндігін жасай-
ды.
ХХ ғасырдың екінші жартысында бақ-қалалардың жобасын жа-
сау идеялары пайда болады. Сәулетшілер жасыл «нұр сәулелі қала» 
жасау үшін қала аумақтарын саябақтар мен бақтарға босатып, адам-
дарды биік үйлерге қоныстандырған дұрыс деп ойлады. Осындай 
қағидамен тұрғызылған кенттендірілген аумақтарда тұру жасыл 
және қолайлы болмады.
Индустриалды тұрғын үй үшін қызмет көрсету мекемелері, 
үлкен инженерлік желілер және олардың өнеркәсіптік салалары та-
лап етілді. Қазіргі құрылыс қоршаған ортаға тікелей де, сондай-ақ 
инженерлік инфрақұрылым мен қызмет көрсететін өндірістік сек-
тор арқылы да экологиялық зиян келтірді. Осы тұрғыда көптеген 
экологиялық ұйымдардың көбінесе, қоршаған ортаның өнеркәсіптік 
ластануымен күреске бағытталуы күмән тудырады, өйткені күрес 
айтарлықтай себептерден емес, салдардан болатындықтан.
Қазір қалалардың болашағы қарама-қарсы тенденциямен, 
дәлірек айтқанда, қабат саны аз экологиялық құрылыстың кеңінен 
таралуымен айқындала түсуде. 
1990 жылдың соңында постиндустриалды дәуірдің тұрғын 
үйлерінің негізгі түрлері - «экоүйлер» пайда бола бастайды. Экоүй 
– тарамдалған ресурс сақтаушы және қалдығы аз, салауатты және 
көркейтілген, табиғи ортаға қатысты агрессивті емес болып табыла-
тын, жер телімі бар жеке немесе қоршалған үй. Оған автономды не-


304
месе шағын ұжымдық инженерлік жүйелермен қамтамасыз етілген 
және тиімді құрылыс конструкциялары қолданылған үйлер салу 
арқылы қол жеткізуге болады. Осындай озық экологиялық құрылыс 
үлгісі Мәскеуде 2003 жылы салынған 9-экспериментті ықшамаудан 
Куркино болып табылады.
Қала ауданы немесе ірі емес қала тұрғын үй аймағын ғана емес, 
сонымен қатар қаланың құрамдас бөлігі болып табылатын басқа 
аймақтарды да: қоғамдық орталықтар, өнеркәсіптік, қойма, комму-
налды, көлік аумақтары, саябақтар мен орман-саябақтар және т.б. 
да қамтиды. Сондықтан қала ауданы экоүйлерден ғана тұрмайды. 
Көп қабатты нұсқада орындалатын ғимараттар қажеттілігі туады. 
Көп қабатты үйлерді қазіргіге қарағанда неғұрлым экологиялық етіп 
жасауға болады, дегенмен, оларды экоүй деңгейіне дейін жеткізу 
мүмкін емес.
Көп қабатты, имараттар бір немесе бірнеше аудандық қоғамдық 
орталықтарда орналастыра отырып, жеке топтарға жинау орын-
ды. Оларға қызмет көрсету үшін көлемі жағынан шағын жергілікті 
инженерлік желілер жасалуы тиіс. Қала аудандары деңгейінде 
бөлінген тұрмыстық қалдықтармен қоса цикл жүйесі, қуаттылықты 
өндіретін қажетті қойма бөлмелері, көлік кәсіпорындары 
ұйымдастырылуы тиіс. Бұл жүйе қоқысты жою және көму жүйесін 
алмастырады. 
Керексіз өндірістерді азайту және қысқарту, сондай-ақ қалған 
кәсіпорындарда өндіріс сипатын өзгерту есебінен қаланың аз аумағы 
өнеркәсіптік, коммуналды, қойма аймақтарынан бос болмайды. 
Қала құрылысына байланысты нақты тұрмыстық мәселелерден 
ғаламдық мәселелерге дейін қарға адым жер. Мысалы, жаңа 
қоныстану аудандарының құрылысы және онымен байланысты қала 
құрылымының дамуы экологиялық таза энергия қондырғыларын 
жасау мәселелерін шешпейінше мүмкін емес.
Бүгінгі күні Ресей қалалары, Ольборг және Берлиндегі конферен-
ция материалдарының мәліметтері бойынша жалпы СО2 ластанған 
ғаламшардың жетекшілерінің бірі болып табылады. Соңғы он жыл-
да қаланы жоспарлауда және салуда энергия сақтаушы дәстүрлер 
Ресейдің көптеген қалаларында жойылған болып шықты.
Бүгінгі күні көптеген ірі Ресей қалаларында қоршаған ортаға 
деген ықпалды бағалаудың соңғы жобасы бар (ҚОЫБ). Тек ҚОЫБ 


305
орындау негізінде ғана қаланың негігі жоспарының техника-
экономикалық негіздемесі келісілуі мүмкін.
Қаланы жоспарлау мен салудың экологиялық саясаты 
төмендегі мәселелерді қамтитын қала ортасын және урбоэкожүйе 
тұрақтылығын оңтайландыру бойынша: 
• қоршаған ортаны қорғаудың саяси, экономикалық және 
әлеуметтік тәсілдермен үйлестірілуі;
• адамның ортаны қалыптастырушы және ортаны қорғаушы 
қызметінің есебінен экологиялық тепе-теңдік күйді ұстау;
• қаланың функционалдық аймақтарын тиімді орналастыру;
• қаланың энергетикалық жүйесін реттеу, қалдықты аз бөлетін 
және энергия сақтайтын технологияларды енгізу;
• адам үшін толық экологиялық жағдай жасау және қаланың 
ландшафтық-экологиялық қаңқасын қалыптастыру;
• тиімді көлік инфрақұрылымын ұйымдастыру;
• қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындарында жаңа технология-
ларды қолдану;
• халықты экологиялық тәрбиелеу дайындалған бағдарламаны 
тиімді және жоспарлы орындаудың көптеген талаптарына 
негізделеді.
1993 жылы Чикагода сәулетшілер конгрессінде ХХІ ғасырдың 
сәулет қызметінің негізгі мақсаты табиғи ортаның тұрақтылығын 
қамтамасыз ету міндеті деп жарияланған декларация қабылданды. 
Ресейдің әрқашан шығармашылықтарымен рухани және 
материалдық дүниені байытқан тамаша сәулетшілерімен даңқы 
шықты. Сәулет өнер ретінде қоғамға, оның арман-мұраттары мен 
мақсаттарына, экономика мен техниканың даму деңгейіне тәуелді, 
оның тарихын көрнекілігімен көрсетіп, материалдандырды. «Тас 
шежіреде» әр елдің тарихы бейнеленеді. Сәулетшілік бүкіл қарама-
қайшылықтарымен және жеңістерімен әлемнің драмалық тарихының 
беттерін белгілейді.


306


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет