159-сурет
160-сурет
Біртіндеп қоғамдық маңызды құбылысқа айналған ғибадатхана,
шіркеу сәулеті өркендейді. Ресейде православие қайта дамып,
Мәскеуде Құтқарушы Христос ғибадатханасын қайта жаңғыртылды.
Соңғы жылдары Новокуйбышевскіде «Умиление» ғибадатхана
кешені, Надовражино селосында Құдай ана ғибадатханасы және
Мәскеу облысының Снегири кентінде Серафим Саров әдемі ағаш
ғибадатханасы, Удомлде Әулие князь Владимир шіркеуі
(161-сурет)
және жүздеген басқа шіркеулер мен соборлар тұрғызылды. Бұрын
тұрғызылған ғибадатханалар мен монастырларды кең көлемді қайта
құру және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Мәскеу облысын-
да Борисоглеб ерлер монастыры, Чебоксарда Әулие Троица ерлер
монастыры, Мәскеуде Смоленск Құдай ана – Одигитрий соборын
қайта құру жұмыстары аяқталды. Көптеген құрылыстар құрылыс
сатысында болды.
Ресей қалаларында әртүрлі конфессиядағы діни ғимараттар са-
лынды және қалпына келтірілді. Омбыда Лютеран кирхиінің мәдени
және шіркеу орталығы, Тверьде – католиктік приход және Құдай
Кейпін өзгерту шіркеуі
(162-сурет)
, Днепропетровскіде Хораль си-
нагоганы қайта құру аяқталды.
296
Достарыңызбен бөлісу: |