316
«Сәулет тарихы» пәні бойынша 3-тестік білім бақылауы
1.10-тарау: Орыс сәулетінің тарихы
1-НҰСҚА
Дұрыс жауап нұсқаларын таңдаңыз:
І. Суретте бейнеленген сәулет имараттарын атаңыздар:
1.
а)
Нерлидегі Покров соборы
ә) Кровидегі Спас шіркеуі
б) Киевтегі Әулие София соборы
в) Новгородтағы Әулие София соборы
Жауап:__________
2.
а) Василий Блаженный соборы
ә) Мәскеу Кремлінің Благовещен соборы
б) Мәскеу Кремлінің Архангель соборы
в) Мәскеу Кремлінің Успен соборы
Жауап:__________
3.
а) Петербордағы қор
биржасының
ғимараты
ә) Мәскеудегі Пашков үйі
б) Мәскеудегі Голицын ауруханасы
в) Мәскеудегі Сенат ғимараты
Жауап:__________
3.1-сурет
3.2-сурет
3.3-сурет
317
4.
а) Коломенскдегі сарай
ә) Петергофтағы сарай
б) Мәскеудегі Пашков үйі
в) «Атақтыларға арналған»
үлгілі үйдің жобасы
Жауап:__________
5.
а) Петербордағы Александр театры
ә) Мәскеудегі Пашков үйі
б) Петербордағы Бас штаб ғимараты
в) Мәскеудегі Сенат ғимараты
Жауап:__________
ІІ. Сәулет туындысының авторы кім?
6. Петербордағы Қысқы сарайдың:
а) А.Ф. Кокориков
ә) В.Б. Растрелли
б) И.Е. Старов
в) К.И. Росси
Жауап:__________
7. Петербордағы Александр театрының:
а) Ж.Б. Валлен-Деламонт
ә) К.И. Росси
б) Ч.
Камерон
в) М.Ф. Казаков
Жауап:__________
3.4-сурет
3.5-сурет
318
8. Петербордағы Адмиралтействоның:
а) В.В. Растрелли
ә) В.И. Баженов
б) А.Д. Захаров
в) Ф.С. Аргунов
Жауап:__________
9. Петербордағы Қазан соборының:
а) К.И.Росси
ә) Д. Трезини
б) А.Н. Воронихин
в) А.Д. Захаров
Жауап:__________
10. Мәскеудегі В.И. Ленин кесенесінің:
а) И.Е. Старов
ә) Ф.О. Шехтель
б) А. Щусев
в) К. Тон
Жауап:__________
ІІІ. Суреттегі қандай имараттың жобасы?
11.
а) Коломенскдегі
Вознесен шіркеуі
ә) Нерлидегі Покров шіркеуі
б) Мәскеу Кремлінің Успен соборы
в) Ровтағы Покров ғибадатханасы
Жауап:__________
12.
а) Мәскеу Кремлінің Успен соборы
ә) Василий Блаженный ғибадатханасы
б) Коломенскдегі шіркеу
в) Нерлидегі Покров шіркеуі
Жауап:__________
3.6-сурет
3.7-сурет
319
13.
а) Петербордағы көркемөнер
академиясы
ә)
Мәскеу Сенаты
б) Петербордағы Адмиралтейство
в) Мәскеудегі Пашков үйі
Жауап:__________
14.
а) Васильев аралындағы
Биржа ансамблі
ә) Қысқы сарай ансамблі
б) Петропавл бекінісі
в) Петербордағы Адмирал-
тейство ансамблі
Жауап:__________
IV. Сәулет имараты құрылысының уақытын атаңыз.
15. Новгородтағы Әулие София соборының:
а) 1147 ж.
ә) 1052 ж.
б) 1165 ж.
в) 1253 ж.
Жауап:__________
16. Мәскеудегі Василий Блаженный ғибадатханасының:
а) 1555 ж.
ә) 1687 ж.
б) 1700 ж.
в) 1260 ж.
Жауап:__________
3.8-сурет
3.9-сурет
320
17. Петербордағы Исаакиев соборының:
а) 1801 – 1811 ж.
ә) 1818 – 1858 ж.
б) 1786 ж.
в) 1905 ж.
Жауап:__________
V. Дұрыс анықтаманы таңдаңыз.
18. Ашық галерея, қоршаған шіркеу, тамақтанатын бөлік неме-
се сарай:
а) сенек
ә) гульбище
б) үлкен үй
в) ауыз үй
Жауап:__________
19.
Ғибадатхананың үстіне салынған немесе жанынан койылған,
қоңырауларға арналған ойығы бар ғимарат:
а) қоңырау ілетін күмбезді
мұнара
ә) қоңыраухана
б) мұнара үй
в) барабан
Жауап:__________
20. Ұзынша тақтайшалар, көбіне кемерлі пішіндегі, күмбездерді,
барабандар мен шатырларды жабуға қолданылады:
а) жабынқыш
ә) тілімдер
б) ағаш тіс
в) жұқа тақтай
Жауап:__________
321
«Сәулет тарихы» пәні бойынша 4-тестік білім бақылауы
Термин сөздерге түсінік
1-НҰСҚА
Дұрыс жауапты таңдаңыз және анықтама беріңіз:
1. Оймабедер – бұл...
а)
суретпен, өрнекпен безендірілген қабырға, есік,
төбенің сыртқы қабатының бір бөлігі
ә) жұқа бедер, жалпақ беттегі мүсін суреттің бір түрі
б) қалың бедер, жалпақ беттегі мүсін суреттің бір түрі
в) өңделмеген сылаққа сулы бояумен салынған көркем сурет
Жауап:__________
Достарыңызбен бөлісу: