Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова


Мәскеу мектебінің жарасымды классицизмі



Pdf көрінісі
бет235/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet

Мәскеу мектебінің жарасымды классицизмі
Мәскеу орталығын жоспарлауда жарасымды классицизм 
кезеңінде сарай ғимараттарының композициясы белгіленген талап-
тарына сәйкес және құрылысқа бөлінген жерге байланысты жиі ау-
ысты. 
Жеке тапсырыстармен жұмыс істей отырып, Мәскеу 
құрылысында үш бөлікті композиция тәсілдерін пайдаланушы 
Баженов курдонерден жиі бас тартып, жүйелі қала құрылыстық 
ережелерді қолдана отырып, бас қасбет сызығын түзетті. Соны-
мен қатар мәскеулік сәулетшілер көне қала құрылыстық доми-
нантпен көркем үйлесетін топтастырылуы жағынан неғұрлым 
еркін көлемдерді пайдаланды. Жүйелінің көркем көнемен синтезі 
– Мәскеу мен Ресейдің басқа көне қалаларының ғимараттары мен 
ансамбльдерін қалыптастыруда жетекші қағидаларының бірі.
1784-1786 жылдары Баженов ХVІІІ ғасырда Мәскеудің керемет 
ғимаратын жасады.
Пашков үй-жайы
Ғимарат Кремльге қарама-қарсы тұрғызылады. Ғимараттың 
басты көлемі мен қосалқы үй көшенің қызыл сызығында, ал салта-
натты кіреберіс қарама-қарсы жақтан орналасқан 
(120-сурет).
Бұл 
көше бұрылысында Калинин көпірінің телімін ұйымдастырған үш 
бөлікті сарай композициясының үлгісі.
Композитті ордердің жауырындық қабырғаларымен төрт жақтан 
өңделген ғимараттың бас орталық көлемі пішіндерінің тұтастығымен 
және айқындылығымен және оны қоршаған басқа ескі ғимараттармен 
композициялық байланысты Кремль құрылыстарына жауап береді. 
Орталық көлем үстінде ернеуі қос бағанамен көтерілген дөңгелек 
пішінді бельведер салынған. 1812 жылы өртке дейін бүгінгіге 
қарағанда бельведер жеңіл пішінді болған.
Мәскеуде Баженов көп тұрғын үйлер, үй-жайлар мен ғибадат-
ханалар салған, олардың ішінде маңыздылары Б. Ордынкадағы 
шіркеу қоңырау мұнарасы мен нәзіретханасы (1780 ж.) және 


244
Мәскеудегі Киров көшесіндегі Юшковтың үйі, Петербордағы 
Инженерлік қорған мен Инженерлік қорған павильоны (1797-1800 
ж.)
120-сурет
В. И. Баженов өзінің өте көп данышпандық ойларын іске асыра 
алмай, 1799 жылы қайтыс болды.
Осы уақыттағы тағы бір данышпан сәулетші В. И. Баженовтың 
жақын серігі М. Ф. Казаков болатын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет