Слега (төбе сырғауылдары) – жабын астындағы конструкцияда
көлденең элемент ретінде пайдаланылатын жұқа бөрене.
Смальта – «дақты» әйнекті қайнату жолымен дайындалатын түрлі
түсті мөлдір емес әйнек; «таскестенің» негізгі құралы.
Средокрестие (ортакеңістік) – базиликада бойлық астау кеңістік
пен көлденең кеңістіктің қиылысы.
Сруб (діңгек) – төртбұрышты бөрене тәждерінен орындалған има-
рат.
Стереобат (үйтұғыр) – ғибадатхана немесе басқа монументті
ғимараттың сатылы негіздемесі.
Стиль – белгілер, қағидалар, тәсілдер жиынтығы.
Стоя (бағанды қасбет) – ежелгі грек сәулетіндегі діңмайша немесе
ұстынтізбек.
Таберна – Ежелгі Римдегі сауда және қолөнер орталығы.
Таблинум (түкпіржай) – атрий түкпірінде орналасқан ежелгі римдік
түндікті аулалы үйдегі бөлме.
Тектоника (жүйелі құрылым) – беріктік пен орнықтылықты
қамтамасыз ететін, сондай-ақ ғимараттың осы сапасын көрнекі
көрсететін, ғимарат элементтерінің өзара орналасуы.
361
Толос – күмбезбен жабылған дөңгелек ғимарат (антика дәуірінің).