Простиль (бағанамаңдайша)
– бас қасбетте бағаналы діңмаңдай-
шасы бар антикалық ғибадатхана.
Пропилеи (салтанатты қақпа)
– қалаға, акропольге кіреберістегі
монументті қақпа.
Псевдопериптер (жалған айнала ұстынды жай)
– тек бас қасбетте
ғана бағаналы діңмаңдайшасы бар, ал қалғанында жартылай
бағаналары бар антикалық ғибадатхана.
Пьедестал
– бағана, мүсін, сауыт және т.б. орнатуға арналған негіз.
Пята (табан)
– арка немесе тоғыспаны сүйейтін негіз.
Пятерик (бестік)
– бес негізгі қабырғадан тұратын діңгекті екі
бөлмелі ауыл үйі.
Ретикулат
– ежелгі римдік сәулетте бетон қабырғаларды
торлыжүйелі конструктивтік қаптау.
Ригель (беларқа)
– арқалық, сызықтық көтергіш элемент, тұтас
немесе керегеторлы болып келеді, тіреулерді, бағаналарды
біріктіреді, жүгіртпелерді, тақталардың тіреуі ретінде
қолданылады.
Ризалит
– қасбеттің негізгі сызығының сыртына шығып тұратын
ғимарат бөлігі; орталық, шетжақ.
Роза (раушан)
– жұқа тас жақтауы және түрлі түсті (витражды)
әйнегі бар үлкен шеңбер ойықтар түріндегі готика соборында
терезе түрі.
Розетка
– стильді гүл түріндегі өрнек (кескіндемелік немесе
мүсіндік).
Рокайль
– «рококо» стиліне тән элемент, стильді қабыршақ түріндегі
өрнек (кескіндемелік немесе мүсіндік).
Достарыңызбен бөлісу: |