110
қылып көтеріп, ішкі бетін негіздің ¾ диаметріне тең радиуспен сы-
зып тұрғызуды ұсынды.
Қырлы етіп тұтасқан тоғыспа түріндегі күмбез күнтартарды
көтеріп тұрған жоғарғы, сондай-ақ сегіз қырлы сақинаға 8 қырмен
бекітілген. Қырлардың арасында құмтастан екі қабықша қойылған
(сыртқы қабықша сыртқы қабықшаға қарағанда тік). Кермені
теңестіру үшін
қалайы құйылып, қысқашыбықпен бекітілген
ұзын құмтастан 6 көлденең тәж енгізілген.
Төменгі бөлікке темір
табақтармен құрсауланған, емен бөренелерден сақиналы байланыс
қосылған. Биіктігі 13,5 м-ге дейін жететін күмбез қалауы ағашсыз
орындалған, кейіннен аспалы төсеніштер орнатылған.
Күнтартар 1467 жылы Брунеллески қайтыс болған соң, оның
сызбасы бойынша тұрғызылды. Күмбез ұзақ жылдар бойы қала до-
минанты болды.
1421 жылы Брунеллески Сан-Лоренцо
шіркеуін қайта құруға
және оның жанындағы шағын төртбұрышты капелла – Ескі шіркеулік
қызмет жайын салуға кірісті. Капелла (шіркеу қоймасы) Қайта өрлеу
дәуірінің сәулетіндегі орталықтандырылған ғимараттармен жұмыс
істеудің алғашқы тәжірибесіне айналды.
Достарыңызбен бөлісу: