143
шешімінің өндірістік және тұрмыстық үдерістермен (имарат функ-
циялары) қатаң сәйкестігін талап етті.
Функционализмнің жетекші
сәулетшілері өз бағытының
қағидаларын белсенді насихаттады. Оның саналы көшбасшылары -
ХХ ғасырдың бірінші жартысының ірі сәулетшілері В.Гропиус және
Ле Корбьюзе. Бұл бағыттың өкілдері: неміс Петер Беренс (1861-1940
ж.), австриялықтар Отто Вагнер (1841-1954 ж.) және Адольф Лоос
(1870-1933 ж.), француздар (Огюст Перре (1874-1954 ж.) және Тони
Гарнье (1869-1948 ж.) болды.
Функционализм көшбасшыларының бірі – неміс сәулетшісі
Людвиг Мис ван дер Роэ кеңістіктің жаңа тұжырымдамасын ұсынды:
қабырға – бағынбайтын элемент, ішкі кеңістікті қоршаған ортамен
байланыстыра отырып, дербес мәнге ие болады.
Адольф Лаос ірі практик және полемист, ол боямасыз және
ықшамды
пішінді қолдап, сәулеттегі әшекейді түгелімен жоққа
шығарады. Оның Венадағы пуритандық қарапайым және жара-
сымды Стейнер үйі – 1920-1930 жылдардағы функционалистік
композицияның бастамасы.
Ғимарат қасбеттері қарапайым
геометриялық пішіндерде
шешілді, қаңқа құны бір уақытта айқындалды. Бұл көріністе
темірбетон қаңқа қабырғамен үйіп тасталмаған үлкен кеңістіктер
жасауға, конструкцияларды бір ізге салуға,
құрылыс қарқынын
жылдамдатуға мүмкіндік берді. Темірбетон қаңқа металл қаңқамен
салыстырғанда арзандау және металдың «қажуы» сияқты жағымсыз
факторы жоқ.
Сәулетте рационалистік үрдістің дамуымен қоса темірбетон
пішіндер сәулетшілердің назарын көбірек аударады. Алғашқыда
ол өнеркәсіптік және қойма құрылысында,
сондай-ақ көпір
құрылысында пайдаланылды (Инн өзені арқылы көпір, 1901 ж.,
Рейн өзені арқылы көпір, 1905 ж. Сәулетшісі Р. Майер).
Темірбетоннан алғашқы азаматтық құрылыстардың бірі -
Париждегі Сен-Жан де Монмартр, 1984 ж., сәулетшісі Анатоль де
Бодо. 1903 жылы ағайынды Перрелер алғаш рет көп қабатты тұрғын
үй құрылысына темірбетон пайдаланады.
Огюст Перре өз шығармашылығымен
темірбетонның кең
эстетикалық мүмкіндіктерін көрсетті. Оның Париждегі Франклин
көшесіндегі пайдалы үйінде (1903 ж.) көтергіш темірбетон қаңқа
элементтері қасбетте айқындалған. Төменгі әйнектелген қабаттың
144
«еркін» жоспары бар. Жоғарғы қабаттарда тіреулер түгелімен
ашылған. Жазық төбеде шағын бақ орналасқан.
Темірбетонды
Перре гараждар, шіркеулер, театрлар,
ательелер құрылысына
қолданды. Оның шеберханасынан сол кезеңде-ақ темірбетонды
жаппай құрылысқа пайдалануды ұсынған, қазіргі заманның атақты
сәулетшілерінің бірі Ле Корбюзье шықты. «Ино үйі» атты өз жоба-
сында (1914-1915 ж.,
63-сурет
) қаңқа мен өзгерткіш аражабындар
негізінде ол пәтерлердің икемді орналасу қағидасын қолданды.
Темірбетонды игеру жолында лиондық сәулетші Тони Гарнье
келеді. Оның 35 мың тұрғынға есептелген «Өнеркәсіптік қала» жоба-
сында барлық ғимараттар темірбетоннан жобаланған. Темірбетонның
кең эстетикалық мүмкіндіктері ірі аралықты тоғыспалы имараттар-
ды салуда көрсетілді. 1941 ж. Вроцлавта диаметрі 65 м. қабырғалы
темірбетон күмбезді ғасыр залы салынды
(65-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: